Қағазбастылық пен құрсөзділіктің салдарынан табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алмадық. Апаттың алдын алуға жауапты мамандар осылай деді бүгін. Әйтпесе, бұл салаға қыруар қаражат бөлінетіні белгілі. Бірақ сонда да қараша халық төтенше жағдайдан жапа шегеді.
Былтыр 1295 табиғи және техногендік төтенше жағдай орын алыпты. Ал оны болдырмау үшін ел қазынасынан 407 млн. теңге бөлінген. Нәтижесі айтпай-ақ, белгілі. Қаржы қарша еріп, тосынан келген апат ешкімді аямады. Аудан басшылары дайынбыз деп, ұрандатқанмен халық жапа шекті.
Кенжехан Төлебаев, Облыстық жұмылдырыу дайындығы,дүлей зілзалалардың алдын-алуды ұйымдастыру басқармасының бастығы:»Облыс басшысының бірінші орынбасары Берік Серікұлымен өткен селекторлық жиын барысында барлық аудан әкімдері төтенше жағдайға сақадай саймыз деген еді. Сол күні яғни 11-қаңтар күні Сарыағашта сел жүріп, дамбыларға қатып қалған мұздардың кесірінен ауылдарды су шайды».
Облыс депутаттарының сынына ұшыраған Төлебаев, апатты аймаққа «туфли» киіп келді деген еді. Ал басқарма бастығы бүгін ол «туфли» емес, «бәтенке» деп жауап қайтты.
Кенжехан Төлебаев, Облыстық жұмылдырыу дайындығы,дүлей зілзалалардың алдын-алуды ұйымдастыру басқармасының бастығы: «Туфли емес, бәтеңке болатын. Не киіп барсам да, халықтың жанынан табылып, апаттың салдарын жоюғдың бас-қасында жүрдім».
Хош, өткен жылдың еншісіндегі тағы бір оқиға-Бекжан базарының өртке орануы. Базар әкімшілігінің жауапсыздығымен, сатушылардың салғырттығынан миллондаған шығын келіп, базардың күлі көкке ұшқан болатын. Алайда сабақ алған ешкім жоқ. Төтенше жағдай департаменті облыстағы 99 базарды тексеріп, 629 кемшілік тапқан. Шымкенттегі Алаш және Автонұр базарын жабуға да шешім шығарған.
Ал бүгін облыс басшысы төтенше жағдайды алдын-алуға байланысты аудан әкімдерінің бөлген әрбір тиынына дейін санап шығып, жауапсыздықтарын бетіне басты. Қаржыны үнемдеймін деп қарашаны қинамауға шақырды.
Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Екі күн бұрын, найзағай ойнап, күн күркіреді. Қыста мұндай жағдайдың орын алғанын бұрын соңды естімегенде, көрмеген де едім. Яғни. табиғат тосын мінезімен таңырқатып жатқанда, қаржыны аямай төтенше жағдайды алдын-алу үшін. аянбай, бірігіп жұмыс істеуіміз керек».
Барын түгендеп, жоғын сұраған төтеншеліктер кезекті есебінің соңында Сырдариядан төніп тұрған қауіптің жоғын айтып қуантты.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fRsRnXBh4YM[/youtube]