Елбасының жолдауын насихаттау жалғасуда. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Президенттің 2050 стратегиясының артықшылықтары мен ерекшеліктері сөз болған ортада сондай-ақ, білім үздіктері де жиналды.
Осылайша қаңтар айының 9-нан бастап келген 7 халық қалаулысы жер жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Айта өтейік, Уәлихан Бишімбаев, Қуаныш Айтаханов, Розақұл Халмұрадов бастаған депутаттар Оңтүстікте осы айдың 19-на дейін болады.