Ірі қараны асылдандыруда

Соның ішінде жеке кәсіпкер Қайрат Жақып та тынымсыз еңбегінің арқасында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 20 млн теңге жеңілдетілген несие алуға қол жеткізген
Соның ішінде жеке кәсіпкер Қайрат Жақып та тынымсыз еңбегінің арқасында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 20 млн теңге жеңілдетілген несие алуға қол жеткізген
Соның ішінде жеке кәсіпкер Қайрат Жақып та тынымсыз еңбегінің арқасында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 20 млн теңге жеңілдетілген несие алуға қол жеткізген

Елбасының халыққа арнаған жолдауында ірі қара мал етінің экспортын 2016 жылға қарай 60 млн тоннаға дейін ұлғайту керектігін атап көрсеткен болатын. Осы мақсатта «Сыбаға» бағдарламасы қабылданып, бағдарлама аясында елімізде асылтұқымды ірі қараның санын көбейту ісі қолға алынған-ды. Мұндай ілкімді істе Бәйдібек ауданы да шет қалып отырған жоқ. Сондықтан ірі қараны асылдандыру ауданда былтырдан бастап қолға алына бастады. Нақты жоспарларды түзіп, шаруа-лар арасында жаппай насихат жұмыстары жүргізілгеннің арқасында былтырғы жылы ауданда 605 ірі қараның аналық мал басын алу межеленсе, 2 жеке кәсіпкер және 2 шаруа қожалығы 20 бас асылтұқымды аталық және 600 бас таңдаулы, тұқымы ірі аналық бас мал алып, асылдандыру ісін бастап та кетті. Соның ішінде жеке кәсіпкер Қайрат Жақып та тынымсыз еңбегінің арқасында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 20 млн теңге жеңілдетілген несие алуға қол жеткізген. Осы қаржыны тиімді пайдаланып, Жамбыл облысы, Талас ауданында орналасқан «Тәжібай» асылтұқымды малшаруашылығынан қазақтың «Ақбас» асылтұқымды 1,5 жасар 8 бұқашығын, қалған 240 бас аналығын аудан шаруаларының жергілікті, таңдаулы сиырларын сатып алып, кәсібін дөңгелетуде.

Істің көзін таба білетін кәсіпкер Қайрат мал асырауға дайындықты ерте көктемнен бастап жіберген. Кезінде құрылыс материалдары талан-таражға түсіп, қаңырап бос қалған Ақбастау ауылындағы мал қораны өзінің 4 млн теңге қаржысына күрделі жөндеуден өткізіп, аумағын сыммен қоршап, аттақырлар орнатып, ішін жарықтандырып, яғни қажетті жағдайдың бәрін жасаған. Сатып алынған 8 ірі қараның әр басына субсидия есебінде 100 мың теңгеден алыпты. Шаруашылықтың бойына қан жүгірткен ол жергілікті тұрғындарды кәсіпке баулып, 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Оларға айлық жалақы ретінде 50 мың теңгеден беруде. Одан бөлек көктемдегі шөп ору науқаны кезінде 15-20 адамды маусымдық жұмыспен қамтыған. Алдағы уақытта «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тағы да несие алып, кәсібінің ауқымын кеңейтпек ойы бар. Кейбір кәсіпкерлер секілді жиған қаражатына дүкен ашып, Қытайдың тауарларын сатып, алып-сатар саудамен айналысып, өзге елдің кәсібін өркендетіп жүргендерден гөрі Қайраттың ісі көпке үлгі. «Ауылымызды кім көркейтеді, ел азаматтары шаруашылықты қолға алмаса?» – дейді ел-жұртының ертеңін ойлаған азамат.

Алға талпынған кәсіпкерге ауыл-шаруашылығы бөлімінің мамандарының көп жәрдемі тиіп, жем-шөптен тарықтырған жоқ. Несие алу үшін қат-қабат құжаттарды дайындау барысында айтарлықтай жәрдем көрсетіліп, дұрыс нұсқау беріліп отырған.

Бағлан НҰРАЛЫҰЛЫ

Қайрат Жақып, жеке кәсіпкер

– Шетелден әкелінген бұқалар біздің елімізге жерсінбей, көбісі өліп қалып,                                                                                               шаруалар шығынға ұшырады. Сондықтан мемлекет «Сыбаға» бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мақсаты – өзіміздің «Ақбас» секілді асылтұқымды бұқаларды жергілікті сиырлармен шағылыстыру арқылы асылтұқымды мал басын көбейту болып отыр. Сондықтан менің шаруашылығымда туылған төлдер асылтұқымды. Асылтұқымды мал кәдімгі жай малдан екі-үш есе қымбат бағада саудаланады. Етті де, сүтті де болады. Сондықтан соңымыздан ілесіп келе жатқан жас шаруашылықтар келешекте алысқа сабылмай-ақ, өзіміздің бұқашықтарды сатып алып, асылдандыру ісімен айналысуға мүмкіндік пайда болады.

Данабек Тұрдалиев, Бәйдібек ауданы ауыл-шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі

– Былтырғы жылы қысқы маусымға мал азығы жем-шөп қорын жасақтау үшін Қайрат Жақыптың шаруашылығы жаз мезгілінде 8 мың тайланған шөп, 50 тонна жем түсірді. Шаруаларды қолдау мақсатында беріліп жатқан жемнен бұл кәсіпкерге 15 тонна кебек берілді. Алдағы уақытта тағы 10 тонна алып беруге тапсырыс беріліп отыр.