Облысымыздың 16-жастағы тұрғыны құтыру ауруынан қайтыс болды. Оқиға Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылында болған. Жасөспірім құтырма дерті диагнозымен аудандық ауруханаға 6-қаңтар күні жеткізілген екен. БІрақ аман алып қалу мүмкін болмады. Кеше кешкісін көз жұмған. Марқұмды көршісінің иті тістеп алыпты.
16 жастағы Көмешбұлақ ауылының тұрғынын осындай қабағын иттердің бірі қауып алған. Сыныптасының иті болғандықтан ба, алде «салғырттықтан ба» әйтеуір бұл туралы ешкімге тіс жармапты. БІрақ Тістеген ит 12-шілде де өліп қалады. Иелері үрейленсе керек, ауылдық ветеринардан жануар тірі деген жалған анықтама алған.
Ерілқасым Тоқтабаев, Облыстық СЭҚБ-ның бөлім меңгерушісі: «Бүгінгі таңда итке жалған анықтама берген мал дәрігерінің үстінен әкімшілік шара көрілсе деп, облыстық ауылшаруашылығы департаментіне ұсыныс хат жаздық».
Ауруын жасырған өледі деген осы болса керек, 14-күні бала аудандық ауруханада алған еміне, қадағалауға қарамасатан жан тәсілім етеді. Дәрігерлер марқұм дер кезінде ем қабылдаса аман алып қалар едік дейді. Ауруханаға тым ауыр ахуалда түскен.
Бақыт Тұрлыбеков, Сайрам ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері: «Бізге келгенде тым кеш болды. Бұл ауру әркімнің организіміне байланысты әрқилы жүреді. Асқындырып алған. Алты ай бойы жасырып келген, ешкімге көрінбеген. Сондықтан да ауылдың әрбір тұрғынын жіті тексеріп, бақылауға алдық».
Ал дәл осы ауылда ит қапқан, бірақ ешқандай ем қабылдамаған 23-ке жуық азамат анықталып отыр. Бұның арты үлкен өкінішке әкеп соғуы мүмкін деп ескертеді облыстың бас рабиологы.
Құтырмадан қаза тапқан баламен қатынаста болған 12 адам дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Ал құтырып өлген итке тірі деп анықтама берген ветеринардың мен мұндай әрекетке барған көрішінің ісі енді сотта қаралуы мүмкін.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yGF4myTAgBo[/youtube]