Бұл кезде Әл Фараби аудандық сотында 7 адамға қатысты іс қаралып аяақталды. Олардың алтауы жеке тұлғалар. Тек біреуі ғана банктің экс директоры. Үкім әлі күшіне енген жоқ .
Несие алушыларға банкті алдап ақша алған деген аиып тағылған. Судья бағасы арзымаитын үйлердің құнын көтеріп, жалған құжаттарды өткізіп, қомақты ақшаға қарқ болған деиді. Олардың кейбірі өзін кәсіпкермін деп те алдаған.
Алғанн соммалар да адам шошырлық. Теңгелей емес, долларлай ақшаға кенелген.
«Казкоммерцбанктің » экс директорының алаяқтыққа қатысы бар деп қаралған ісіне әлі нүкте қойылған жоқ. Облыстық прокуратура осылай деп мәлімдеді. Еске сала кетейік, Шымкент қ. әл-Фараби аудандық соты осы іске қатысы бар алты адамға үкім шығарған болатын. Миллиондаған банк қаржысын жымқырғандар түрлі жазаны арқалап кеткен.
Ал алаяқтыққа қатысты істің ірі кейіпкері Алмабек Пірімбаевты сот жазықсыз деп таныған болатын. Сот үкімімен ақталып шыққан. Бірақ облыстық прокуратураның өкілдері бұл шешіммен келіспейді.
Қазіргі таңда сот үкіміне наразылық жолданды. «Казкоммерцбанк» филиалынының экс директоры Алмабек Пірімбаевқа қатысты сот шешімі облыстық соттың аппеляциялық алқасында қаралатын болады»-дейді облыс прокурорының басқарма бастығы Руслан Абдраимов.