Тапа-тал түсте банктен қомақты қаржы ұрланды. Кентау қаласында орналасқан банктердің бірінен белгісіз біреулер 2 жарым миллионға жуық қаражатты жымқырып кеткен. Бұл ақпаратты ОҚО ІІД-нің өкілдері растап отыр.
САлтанат Қаракөзова, ОҚО бойынша ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «28 қаңтарда дүйсенбі күні Кентау қаласында орналасқан банктердің бірінде ұрлық орын алды. Бұл факті бойынша Кентау ҚІІБ-мен «Үлкен көлемде ұрланған қаржы» ҚР ҚК 175 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғаны түскі үзіліс кезінде банктен екі жарым млн-нан астам қаржы ұрланған. Кассир мен күзетшінің айтуларынша, олар аталған уақытта банкте болмаған. Олар қауіпсіздік шараларын орындамаған. Яғни, қауіпті қоңырауға қосылмай, түскі үзілісте тамақтануға кетіп қалған. Оларға қатысты ҚР Заңына сәйкес процессуалды әрекеттер жүргізілуде».