Кентауда да ауа райы мың құбылып халықты әбден әбігерге салды. Күн райы аздап жылынып еді, артынан жауған қар үш күннен бері тоқтамай жатыр. Қаланың коммуналдық қызметі қалың қарға дайын болмай шықты. Жолдар тазаланбай, көлік қатынасы күрделеніп кетті.
Шынында да Қаратаудың бөктерінде орналасқан Кентау қаласы қыс құрсауында қалып қойды. Мұнда 3 тәуліктен бері қар тоқтаған жоқ. Оған қоса ақтүтек боран соғып тұр. Салдарынан көшелерді қардан тазалау мүмкін болмай жатыр. Кентауда көлік Қозғалысы тым қиындап кетті. Соның кесірі тисе керек, бүгін таңертең кентаулықтар жұмысына уақытылы жете алмай қалған. Тіпті такси жүргізушілері де жапа шегіп жатыр.
Коммуналдық қызмет өкілдерінің көпқабатты үй аулуларын да қардан тазалауға мұршасы болмаған. 3 күнге созылған қарға дейін кентауда күн аздап жылынғаны бар. Соның салдарынан қар асты көк мұз, тұрғындар қиналып жатыр. Бір қуантарлығы қалада жылу мәселесі бойынша проблема жоқ.