Кісі өлтіргендер 17 жылға сотталды

382
сот өкімі оқылды
сот өкімі оқылды
сот өкімі оқылды

Шымкентте атышулы атысқа қатысты сот үкімі шықты. Жасы 25-тен асқан жігіттер 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар қаладағы түнгі клубтардың бірінде қып-қызыл төбелес шығарып, жасөспірімді атып өлтіріп тастаған еді. Оқиға өткен жылдың қазан айында болған.

17 жылға бас бостандығынан айырылды
17 жылға бас бостандығынан айырылды

Туған күнін тойлап жатқан жігітпен, клубты торуылдап жүрген 3 жігіт ерегісіп қалады. Сөйтіп әлгі үшеу туған күн иесін атып өлтірген. Үш айға жуық қаралған іске бүгін таңертең облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот нүкте қойды. Қанды қол қарақшылар 3 бап бойынша айыпты деп табылды, Олардың бірі 17 жылға темір торға қамалды.

Оқиға былай болған.  Сотталушы Мақсат Мадиярұлы Санаев 2012 жылдың  6 қазан күні  сағат 19-дар шамасында  қара сөмкеге салынған бір ауызды ұңғысы кесілген шолақ мылтық тауып алып, «Махараджа» түнгі клубының 3-ші қабатына жасырып, заңсыз сақтаған.  Танысы Жандәулет Орынтайұлына көрсеткен.  Кешкісін тағы бір жолдасы Нұрлыбек Әбутәліпұлы Тағаевты ертіп, үшеуі «Махараджа» түнгі клубына демалуға келген Д.Райымқұловқа болмашы себептермен тиісе бастаған. Бұзақылардың қолынан шолақ мылтықты байқаған Д.Райымқұлов пен Е.Абдешовтер жоғары қабатқа қаша жөнеледі. Жоғарыдағы «Бархыт» лодж барына дейін қашып барған олар бардың есігі  жабық болған соң, ішке кіре алмай тұрған оларды Н.Тағаев «ОСА» тапаншасымен атып, нәтижесінде Е:Абдешовтың аяғына тиіп, жеңіл жарақат алған. Онымен қоймай, осы жерде туылған күнін атап өтіп жатқан Д.Райымқұловқа негізсізден негізсіз тиісіп, қылмыскерлер жігітті бетінен жұдырықтап алад. Мақсат Мадиярұлы Санаев болса, Е.Абдешовке қарсы шолақ мылтықтан оқ атып жібереді. Оқиға орнынан қашып шыққан қылмыскер топ сол түні қаруды құртпақ ниетте, Ташкент Алматы тас ждолы бойындағы «Бадам» өзеніне тастап жібереді.