Оңтүстікке тұмау келмейді

ОҚО-да тұмау тіркелген жоқ
ОҚО-да тұмау тіркелген жоқ
ОҚО-да тұмау тіркелген жоқ

Әлем халқы тұмаудан үрейленіп отыр. АҚШ пен Қытай, Еуропаның көптеген елдерін жайлаған тұмаудың жаңа эпидемиясы адамдар арқылы басқа елдерге тарап жатыр. Тұмаудың жаңа түріне шалдыққандар осы күннің өзінде миллионнан асып жығылды. Ал көз жұмғандардың саны 10-нан асты. Әлемдік қауіптің Оңтүстік Қазақстанға әсері қандай? Тілшіміз толықтырсын.

Тұмаудың жаңа түрі АҚШ-тағы 50 штаттың 47-сіне тарап үлгерді. Нью-Йоркте Аш-1,Н-1 вирусы оңтүстікке тумау келмейдіна көптеген адам шалдығып, шаһарда төтенше жағдай жарияланды. Ал Қытайдағы жағдай тіпті күрделі. Тұмау мұнда миллионнан аса адамды есеңгіретіп жіберді. Еуропада да ауырғандар көп. Чехияда 5, ал Польшада 2 адам көз жұмған. Алайда, оңтүстіктің саяхатшыларына мұндай жағдай қорқынышты емес көрінеді.

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасында да аурудың жаңа түріне қарсы ешқандай абыржу. Өйткені, облысымызға бұл тұмауды ешкім әкеле алмайтын көрінеді. Мамандар осылай деп сендіріп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша ресми түрде 9 адам тұмауға шалдықты деген мәлімет бар. Ал біздің облыста, Құдай сақтағанда, әзірше осынау ауыр дертке шалдыққан ешкім жоқ. Дегенмен, дәрігерлер қол қусырып отырмай, вирустың жаңа түріне қарсы тұруға дайындалуда деп сенеміз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZpD9uwdfSH4[/youtube]