Оңтүстікке тасқыннан келер қауіп жоқ

Сырдарияның 300 шақырымға жуық арнасын қазір мұз басып үлгеріпті
Сырдарияның 300 шақырымға жуық арнасын қазір мұз басып үлгеріпті
Сырдарияның 300 шақырымға жуық арнасын қазір мұз басып үлгеріпті

Төтенше жағдайлар саласы мамандары Сырдария өзенін қатаң бақылауға алды. Өйткені сырдың суы арнасынан асып кетуі мүмкін. Өйткені дарияның 300 шақырымға жуық жерін мұз басып қалып қалды. Бірақ біздің мамандар бұдан анау айтқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіреді. Тіпті олар Сыдариядан төбеден бақылап, басқаша қорытынды жасаған.

Оңтүстікке тасқыннан келер қауіп жоқ емес. Сырдарияның 300 шақырымға жуық арнасын қазір мұз басып үлгеріпті. Былтыр ең қауіпті деген Маяқұм, Шеңгелді елдімекендердің барлығы дамбымен қоршалып, нығайтылған тұғын. Сондықтан бұл мекендерге төтеннен келер қауіп жоқ. Десе, төтенже жағдай саласының мамандары дарияның бүгінгі хәлін барлап, ой түйді.

Уәлихан Ережепов, ОҚО ТЖД бастығы: «Қазіргі уақытта облыстың халқына, Сырдария өзеніннің бойындағы елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ біз қаңтар айының болжамын алғанбыз. Онда әлі де жаңбыр жаууы мүмкін, қар жаууы мүмкін делінген. Температура өте төмен болуы мүмкін. 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін деген болжамдар бар. Сондықтан бұл қауіп әлі де сейілген жоқ, менің ойымша. Әсіресе, мұз жүрген кезде, кей жерлерде су көтеріліп, сондай жағдай болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені өзіміздің назарда ұстап отырамыз».

Мамандар осылай жақсыны айтып, жаманды тіреп қойып жатқанда Оңтүстіксушар мекемесі облыс тұрғындарын алаңдамауға шақырды. Өйткені, күн күрт жылынғанда ғана өңірде сел болуы мүмкін. Облыста қазір 19 су қоймасы бар. Төтенше жағдай орын ала қалған күннің өзінде осы қашыртқылар сақадай сай мыс.

Су мамандарының сөзін ауа райын болжаушылар да қуаттады. Қаңтардың 12-13 жұлдызында күн жылынып, жауын шашын орын алғанымен, арты қарға ұласып, қыс қайта қаһарына мінбек. Сөйтіп, қаңтар айының соңына дейін ызғарлы күндер жалғасын таппақ.

Осылайша, Оңтүстіктегі су қоймалары қазір жіті бақылауда. Тіпті былтыр суы сыймаған Бөген қоймасында да тасқын үшін жеткілікті қор бар көрінеді. Сөйтіп саланы қазір төтенше жағдай мен ауылшаруашылығы министрліктері һәм су комитеті бақылап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mBWBe2btlVs[/youtube]