ОҚО ТЖД бастығы: «Сырдария өзенінен келетін қауіп жоқ»

Бүгінгі күні Шардарадан Сырдарияға секундына 500 текше метр су құйылып жатыр
Бүгінгі күні Шардарадан Сырдарияға секундына 500 текше метр су құйылып жатыр
Бүгінгі күні Шардарадан Сырдарияға секундына 500 текше метр су құйылып жатыр

Биыл Сырдария өзенінен келетін қауіп жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті дария арнасын барлау барысында осындай қорытындыға келді. Мамандардың айтуларынша, Қызылорда облысының шекарасынан біздегі Сүткент ауылына дейін мұз бар. Бірақ мұнан келетін қауіп жоқ көрінеді. Бүгінгі күні Шардарадан Сырдарияға секундына 500 текше метр су құйылып жатыр. Яғни бұл қалыпты деңгейге жатады деген сөз.

Уәлихан Ережепов, ОҚО ТЖД бастығы: «Қазіргі уақытта облыстың халқына, Сырдария өзеніннің бойындағы елдімекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ біз қаңтар айының болжамын алғанбыз. Онда әлі де жаңбыр жаууы мүмкін, қар жаууы мүмкін делінген. Температура өте төмен болуы мүмкін. 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін деген болжамдар бар. Сондықтан бұл қауіп әлі де сейілген жоқ, менің ойымша. Әсіресе, мұз жүрген кезде, кей жерлерде су көтеріліп, сондай жағдай болуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселені өзіміздің назарда ұстап отырамыз».

Төтенше жағдайлар саласы мамандары былтырғы жасалған жұмыстардың арқасында ең қауіпті деген Маяқұм, Шеңгелді елдімекендердің барлығы дамбымен қоршалып, жақсы нығайтылғанын айтады. Егер де Сырдария өз арнасынан шығатын болса, сол бөгеттер аталған елдімекендерді қорғайды деп сендіреді. Осылайша, Сырдариядағы су деңгейін бүгінгі күні еліміздің ауылашруашылығы, төтенше жағдай министрліктері мен су комитеті қадағалап отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mBWBe2btlVs[/youtube]