Оңтүстікте жауған қар жолдарды жапты

Такси жүргізушілері Дендробаққа дейін ғана тазаланып, одан әрмен қарайғы жолдарда ешкімнің шаруасы жоқ дейді

Бүгін ОҚО-да қар борап, жолдардағы жағдайды тым қиындатып жіберді. Өңірде қардың қалыңдығы 80 см-ге дейін жеткен. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады.

Ал Шымкенттегі жағдай бұған қарағанда тәуірлеу. Қаладағы қар 30 см-ге жетіпті.

Қалың қардан тазалабанған жолдардың салдарынан қалаға жақын Асар, Ақжайық, Достық, Қайтпас шағынаудандарына қатынау қиынға соқты. Қазір қоғамдық көліктер бағытқа 40-50 минутта әзер жетуде. Ал жолаушылар автобустарды аялдамаларда ұзақ күтуге мәжбүр болды.

Тазалықшылар бұл аудандарға уақытылы келмеген соң тұрғындар өздігінше әрекет етіп, жол тазалауға кірісті. Онсызда көлік күтіп сандалған жұрт үшін бұл жығылғанның үстіне жұдырық болды.

Бірақ Шымкент Әуежайынан таңертең сағат 10-00 дегі Алматы бағытындағы рейс кешкі 10-ға қалдырылған. Бұл ауа -райының қолайсыздығына байланысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=uGZQ3WscDSI[/youtube]