ОҚО-дағы ата-аналар 12 жылдық білім беруге қарсы. Олар бұл туралы бүгін №24-ші мектепте ұйымдыстырылған семинарда мәлім етті. Айта өтейік еліміздің мектептеріне 2015 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесі енгізілуі тиіс. Қазіргі күні жергілікті жерлерде жүйенің жан-жақты бағыттары қызу талқылануда.
Жүйенің ең басты артықшылығы оқушы мамандықты адаспай таңдауға үйренеді. 12 жылдық білім беру жүйесіне негізгі болып енгізіліген пәндердің бірі жаратылыстану-математика. Бүгінгі семинар осы бағытта оқытудың ережесін талқылаудың алғашқы баспалдағы.
Ақсымбат Абжалқызы, №72 мектеп директорының орынбасары: «Бұл оқушылар үшін өте үлкен жетістік. Үлкен жұмыс көлемі. Ал 12 жылдыққа көшудің мақсаты біз балаларға соңғы 12 жылда өзінің таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеу, яғни, оларға терең білім беруге біз мүмкіндік беріп жатырмыз».
Бірақ педагогтың бұл сөзіне облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы үзілді кесілді қарсы. Әнуәрбек Бейсе алдымен мұғалімдер бұл жүйе бойынша білім беруге дайын емес дейді. Екіншіден 12 жылдық білім беру мұсылман еліне болмайтын жүйе деп азар да безер. Ата-аналар комитетінің төрағасы қыздарымыз үшін алаңдайды.
Әнуәрбек Бейсе, облыстық атаналар комитетінің төрағасы: «12 жылдыққа өткеннен кейін қыз бен жігіттің арасында махаббат пайда болады. Одан кейін олар құшақтасып, сүйіседі. Сүйіскеннен кейін ұрық пайда болады. Онда не істейміз? Осы жағын ойладық па біз? Мұсылман халқымыз ғой. Неге көршілес елдеріміз өтпейді? Біз уақытында 10-ды бітірдік. Ешкімнен кем емеспін мен. Әр келген министр ойына келгенін істейтін болды. Мен облыстағы ата-аналардың 60 пайызы осы жаңа жүйеге қарсы екенін айтамын. Мен солардың атынан сөйлеп отырмын».
Ал 12-сыныпты оқуға оқушының өзі келісе ме? Жасөспірімдердің пікірін білгенімізде кейбірінің қолдайтыныны аңғарылады.
Педагогтар жаңа жүйе бойынша ешкімге қысым жасалмайтынын алға тартады. 9 сыныптан соң орта арнаулы оқу орнына кетесізбе, әлде мамандықты таңдау үшін 12 сыныпқа барасыз ба, бұл сіздің және ұл-қызыңыздың еркінде. Бір анығы, бұл жүйені енгізу шешілген мәселе.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1HwZCy5CvV0[/youtube]