Он бір адамды өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылды

413
Қаніпезер өмірін абақтыда өткізеді

Шымкент қаласының облыстық мамандандырылған соты 27 жасар Өзбекстанның азаматын кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол Оңтүстік Қазақстан аумағында бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасап, әйелдерді зорлап, өлтірген. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетсек, 2011-2012 жылдары қылмыстық топ құрамында болған күдікті ОҚО-да 4 жергілікті тұрғынды (әйел) өлтірген. 2011 жылғы 21 желтоқсанда «Алматы-Ташкент» автожолының бойындағы Сайрам ауданында 1982 жылы туған Шымкент қаласының тұрғынының денесі табылған. Әйел адам 2011 жылғы 19 желтоқсанда пойыздан түсіп таксимен үйге бармақ болған. Бірақ үйге жетпей, зорлықпен өлтірілген. Полицейлер ҚР ҚК 96 бабы «адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлерді іздестіруге кірісті.

«Алматы-Ташкент» жолында осыған ұқсас тағы 3 қылмыс жасалды.

ОҚО ІІД қызметкерлері тергеу барысында 1986 жылы туған, бұрын адам тонағаны үшін сотталған Өзбекстан азаматын ұстады. Ол кінәсін мойындап, сыбайласының болғандығын айтты. Екінші қылмыскерді Өзбекстан полицейлері құрықтады.

Қылмыскерлер такси қызметін ұсынып, әйелдерді көлікке отырғызып, ешкім жоқ жерге апарып, зорлап, қылқындырып өлтірген. Одан кейін бағалы бұйымдары мен ақшасын ұрлап, заттарды Өзбекстанда сатып отырған.

«2011 жылдың қараша айының 12-де үйден шығып кеткен қызым қайтып оралмады.  Іздестіру басталды. 3 күннен кейін мәйітін таптық. Адам танымастай етіп өртеп жіберген. Әбдусейіт Орманов деген мына қылмыскер Бердәлиевтің сыныптасы, сыбайласы, екеуі бірге өлтірген. Менің қызым Ташкенге бармақшы боп, шекарадан өткен. Одан мына қаскөйлер кеп тасист боп тоқтап, апарып білгенін істеген, зорлап, баклашкамен бензин әкеп өртеп жіберген. Ормановты Өзбекстан жағы өмір бойға қамап тастады. Мына қаскүнемді де түрмеден шығармау керек»,- дейді  қылмыскерлердің қолынан мерт болған Тамара  Әшірованың  анасы.

«Сарыағаштан Шымкентке кетіп бара жатқан таксиге Дәулетбаева Әлияны отырғызып жіберіп едік. Шымкентте «Колоста» оны күйеуі мен қайнысы күтіп алмақ болған. Бірақ жолда таксист дегеніміз қаскөй қылмыскер боп шықты. Өзіміз екі күн дегенде денесін әрең таптық»,-дейді марқұмның туыстары.

қандықол қаныпезер Полатбай Тұрғамбайұлы Бердәлиев осы болады
қандықол қаныпезер Полатбай Тұрғамбайұлы Бердәлиев осы болады

Қорғаушысы жоқ, әлсіздерге күш көрсетіп, зорлық жасап, 4 адамды өлтірген азамат өмірбойына абақтыға қамалатын болды. ОҚО мамандандырылған қылмыстық сотында атышулы іске қатысты процеске нүкте қойылды. Өз жоспарларын 2011 жылдан бері іске асырып келген екі жас жігіт былтыр құрықталған болатын. Олар әйелдерді таксистпін деп, көлікке отырғызып, жол жөнекей тонап, зорлап, өлтіріп тастай берген. Күдіктілердің екеуі де Өзбекстан елінің азаматтары. Жәбірленушілердің айтуына қарағанда, олар сыныптастар. Олардан жәбір көрген 7 азамат Өзбекстаннан болса, 4-уі біздің облыстың тумалары. Қылмыскердің бірі көрші елдің сотымен өмірлік жазаға тартылған. Енді серіктесі де сот залынан қатаң жазаны арқалап шықты.

«ОҚО арнайы мамандандырылған қылмыстық істер сотында 4 бірдей жәбірленушіні өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты. Барлық жәбірленушіге де бірдей әдіспен яғни, тонау, буындыру арқылы зорлық жасаған. Қылмыскер П.Т.Бердәлиев ҚР Қылмыстық кодексінің 96 -шы бабының  2-ші бөлігінің ж,з,н тармақтарымен, ҚР ҚК-нің 123 бабымен, 179 баптың 2-ші бөлігімен  кінәлі деп табылып, өмір бойы бас  бостандығынан айырылды. Қылмыскердің әйел азаматтырна көрсеткен зорлығының негізгі мақсаты- пайда табу»,-дейді облыстық прокуратураның басқарма аға прокуроры Абзалхан Әбдісаламұлы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=l1MgkmwRyrA[/youtube]