Апалы-сіңлілі оралман келіншектер бүйректерін саудаға салуда

358
Оралмандар бүйрегін сатпақ

Елім деп келген оралман ағайын бүйрегін сатпақ. Осылайша, балдарын емдеп, жағдайларын түземек. Апалы –сіңілі Батырбековалар 2008 жылдан бері тұрмыс тауқыметінің азабын тартып келеді. Бармаған жері, қақпаған есігі қалмағандықтан осындай шешімге келіп отыр.

Оралмандар бүйрегін сатпақ
Оралмандар бүйрегін сатпақ

Ташкенттен көшіп келгелі қиындықтан көз ашпаған келіншектердің кішісі — Балгүл небәрі 28 жаста. Елге келіп, етек жеңімізді жинаймыз деп жүргенде «Үй береміз» дегендерге талай рет жем болыдық. Алдандық, жұмыссыз қалдық деп налиды. Айтуынша, науқас екі баласын емдеу түгілі ішіп жемі де жоқ көрінеді. Тұңғыш баласы Дәулетке үш жасында өкпесіне суық тиген, оған демалудың өзі ауыр. Сондықтан ота жасау керек, ал кіші қызы — Аяулымның жүрегінде ақауы бар. Бауыр еті балаларын жәутеңдетпес үшін әкелері күні бойы құл базарында жүреді. Олардың тапқан табысы көпке жетпейтінін көрген аналары бүйректерін сатуға бел буып отыр. Тіпті, бағасын да белгілеп қойған. Жоқшылықтан жүдеген апа-сіңлілер тас бүйрек билікке өкпеміз қара қазандай деп отыр.

Бақтыгүл баспаналы болуды армандайды
Бақтыгүл баспаналы болуды армандайды

Бақтыгүл Батырбекова, оралман: «Бүйрегімізді үлкен бір тамға бағалап отырмыз. Заң бойынша жүгінетін жерлер көмек бермегеннен кейін осындай шешімге келіп отырмыз. Екеумізде бүйрегімізді сатамыз. Менікі үй болса, сіңілімдікі балалардың еміне жетсе болғаны. Денсаулығымызды ойлағанда не пайда, бала-шағама нан тауып бере алмасам, тапқанымызды пәтерге төлесек. Түбегейлі шешіміміз осы».

Олар бар тапқанын қала маңындағы «Зеленая балка» деп аталатын маңында, үй деп атауға келмейтін жалдап отырған баспаналарына төлейді. Айтпақшы, апалы –сіңлілі Батырбековалар бұған дейін Қазығұрт ауданы, Майбұлақ ауылында тұрыпты. Ауылда жұмыс болмаған соң, қалаға келіп, ыдыс жууышы болып жұмыс істесек те күн көреміз деп ойлағанбыз дейді. Бірақ бірінің баласы ауырса, екіншісінің аяғы ауыр. Сондықтан отағасының тауып келгенін қанағат тұтуға тура келген. Алайда, балалардың денсауылығы күннен –күнге төмендеп бара жатқан соң, үзілді-кесілді осындай шешімге келіпті. Енді балаларын емдеу үшін бүйректерін сатуға бел буып, бәріне де дайын отыр.

Балгүл Батырбекова, оралман: «Елім, жұртым деп келіп отырмын. Осылай қиналамын деп ойламаған едім.Бала-шағамның

Балгүл бала-шағасының болашағына алаңдайды
Балгүл бала-шағасының болашағына алаңдайды

диагнозын естіген кезде жүрегім ауырады. Ішіп жеміміз нашар болғандықтан да балаларымыз ауру болды ма деп ойлаймын.Оны емдетуге де ақшам жоқ. Пәтер жалдап отырмыз.Бармаған жеріміз қалмады, қала әкіміне барсам ол жерге кіргізбейді.ауданға бар дейді. Ауданға барсам сен қалада пәтер жалдап тұрасың, сол жерге бар, сол жердің көмегіне жүгін дейді. Не істерімді білмеймін, қиналып кеттік. Қайнаған қазанымызға ырза болып отырамыз, бір картоп қайнатып ішеміз».

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YXea_qtPI40[/youtube]