Сарығаштағы үй-күйсіз қалғандармен кездесуге облыс әкімі барды

Ірі қара мал шығыны да бар
Сарыағаш ауданында 2008 жылы да дәл осындай апат болған еді
Сарыағаш ауданында 2008 жылы да дәл осындай апат болған еді

Сарыағаш ауданында бүгін күн бұлтты. Топан судан зардап шеккен ағайын жаңбыр жауып кете ме деп қауіптеніп жатыр. Табиғат апаты кесірінен үй күйсіз қалғандармен кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов барды. Және төтенше оқиғадан жапа шеккен жұртқа бар көмек көрсетілетінін айтты. Айданда арнайы қор құрылып, оған бүгінге дейін 500 мың теңге қаржы құйылды. Айта өтейік Саырағаш ауданында су тасқыны кезінде 30 үй зардап шегіп, екеуі жермен жексен болған. Тағы 21 баспана жөндеуді қажет етеді.

Ірі қара мал шығыны да бар
Ірі қара мал шығыны да бар

Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 11-і күні жауын мен күшті желдің салдарынан алай-дүлей болған бораннан Сарыағаш ауданына қарасты Қарақалпақ елді мекенінде 38 үйді су басып, екі үй құлап қалған.

Сарыағаштықтар тағы да сансырап қалды. Алдымен қар жауып, арты жаңбырға ұласқан. Тоңған жерге сіңіп кете алмаған сайдағы су деңгейі көтеріліп, ауылға қарай аққан.

Бұл ғана емес, осы аудандағы Жылға ауылының тұрғындары  да түннің бір уағында не болып, не қойғанын түсіне алмаған. 50 үй мен қора-қопсы су астында қалған. Адамның бойындай деңгейге көтерілген. Судың ағысына төтеп бере алмаған екі үй құлап қалған.

Топан су лап қойғанда қайда қашарларын білмей жарақат алғандар да баршылық. Әсіресе балалар мен әйелдер әбіржіп қалған. Қазір олардың бірқатары ауруханада жатыр.

Тосыннан келген тілсіз жаудан тосырқап қалған тұрғындар қорадағы малын да құтқарып үлгермепті. Салдарынан, қорадан шыға алмаған 200-дей уақ мал қырылып қалған. Ірі қара мал арасында да шығын бар. Топан су алған ауыл тұрғындары тағы да туыстарын жағалап, тентіреп қалды. Төтенше жағдайдың жылда қайталанып, жұрттың жиі жапа шегуін жылғалықтар «жергілікті атқамінерлердің шала тірлігінен» деп отыр.

Қазір ауданда апат ауқымын анықтайтын арнайы комиссия жұмысын бастады. Оған қоса, алдыңғы жылдары табиғи апат кезінде зардап шеккен аудандарға бөлінген қаражаттың қаншалықты мақсатты жұмсалғаны да тексерілуі ықтимал.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9__HejN3q48[/youtube]