Әйел үшін жанжалдың соңы адам өліміне әкелді. Қаладағы Тимириязов көшесінен шамамен 30 жас шамасындағы ер кісінің мәйіті табылды. Полицейлер оның қатты соққының салдарынан көз жұмғанын анықтады.
Сау-тамтығы қалмаған денені полицейлер таң алдында тауып алды. Кейін анықталғанындай қаза болған азаматтың Сайрам шағын ауданының 1980 жылы туылған тұрғыны екені анықталды. Көңілдесінің көңілін таба алмаса керек, әйел оның жазасын беруді таныстарына тапсырыпты. Бірақ соңы осыншалықты өлімге әкелетін өзі де білмеген.
Өлі денесі табылған азаматтың қатты соққыдан қайтыс болғаны анықталды. Әбден ұрып, байлап содан соң көлікпен осында әкеліп тастапты қаныпезерлер. Қазіргі таңда кінәсін мойнына алған күдікті марқұмды өлтіргенін де растап отыр.
Адам өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zblDKTMzPps[/youtube]