Созақтағы үйлер қалпына келтіріле бастады

Созақтағы жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың барлығын қалпына келтіру үшін 80 мың шифер қажет екен
Созақтағы жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың барлығын қалпына келтіру үшін 80 мың шифер қажет екен
Созақтағы жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың барлығын қалпына келтіру үшін 80 мың шифер қажет екен

Көп түкірсе көл. Табиғат апатынан үйлері құлап, шатырсыз қалған созақтықтарға көрші аудандар көмектесіп жатыр. Қазір аудандағы 8 ауылдық округте 800-ден аса жұмысшы қираған әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіруде. Мұнан бөлек облыстағы 20 мердігер компания сол нысандардың жобалық сметалық құнын жасауға кіріскен.

Созақтағы ағайынның қазір ұшқан үрейі орнына түскендей. Табиғат төңкеріп жіберген шатырлар қайта қалпына келтіріліп, бір мезетте тоқтап қалған мемлекеттік мекемелердің бойына қан жүгірген. Бұл Сызған ауылдық округіне қарасты Қозмолдақ ауылы. Елдімекендегі 190 баспана шатырсыз қалған. Бір мектеп пен ауылдық ауруханада да солардың қатарын құшқан. Ауылдағы ағайынға болысып жүрген көрші Түркістаннан келген жұмысшылар.

80 мың дана шифер. Дүлей дауыл есеңгіреткен 2 мыңға жуық баспанаға осынша құрылыс материалы қажет. Мамандар қазір құрылыс заттарының жеткілікті екенін айтады. Тағы бір анықталғаны 500-ге жуық баспананың құжаты жоқ. Оның жәйін облыстық қордан жиналған қаржды шешуге тиіс.

Сөйтіп, Созақтағы зардап шеккен 42 әлеуметтік нысанның 23-і қалпына келтірілді. Ал 2 мыңға жуық жеке тұрғын үйдің 1155-інде енді шатыр бар. Істің басы-қасында жүргендер облыстағы 15 аудан қаладан келген жұмысшылар 50 баспананы жөндеуді міндетіне алған деп сендіріп отыр. Алдағы сәрсенбінің сәтінде қирандының бәрі ретке келмек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MShse9R0Xik[/youtube]