Созақта ешкім ажыраспайды

2011 жылдың қаңтар-қазан айымен салыстырғанда, ОҚО да 2012 жылы ажырасқандар саны 15,2 %-ға артқан.

Облыс бойынша 1000 адамға шаққанда ажырасушылардың саны 1,4-ті құраса бұл көрсеткіш қалалық жерде – 2,3, ауылдық жерде 0,9-ті көрсетіп отыр.

Ажырасуға әсіресе шымкенттіктер мен кентаулықтар оң иығын беріп тұрады екен. Облыс бойынша ажырасқандар саны жағынан осы екі қала көш бастап тұр. Ал Созақ пен Шардарада ешкім ажыраспайды десе де болады. Ілуде бір кездесіп қалатыны болмаса бұл екі аудандағы ерлі-зайыптылар «ажырасамыз» деп АХАТ бөліміне арыз тапсырмайтын болып шықты.

1-2-027