«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Түркістан-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі жұмысы – халықты таза ауызсумен камтамасыз ету және сарқынды суды айдау. Бүгінгі таңда кәсіпорнында 136 қызметкер еңбек етеді, олар 255,7 км таза су құбырымен 2305 мың куб суды таратып, 55,9 км сарқынды су құбырымен 1055 мың куб пайдаланған суды қайта жинап алып, 10 сарқынды су насос станциясы арқылы 16 га жерде орналасқан табиғи биологиялық тазалау карталарына айдайды.
2011 жылы 8 ауылдық округтердегі 12 елді мекенге «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша салынған таза су нысандарын, оларда қызмет ететін әр елді мекенде 3-4 жұмысшыдан қабылданып, толық іске қосылды. Былтыр тағы да 9 елді мекендегі құрылысы біткен таза су нысандары қабылданып, іске қосылуда. Бұл дегеніміз Президенттің «барлық елді мекендер таза ауызсумен қамтамасыз етілсін» деген тапсырмасының орындалуын және елді мекендердегі жұмыссыздықтың қысқаруына, елді мекендердегі тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасының іске асуын көрсетеді. Түркістан қаласы ішінде «Тоқаш Бокин» шағынауданы таза су және сарқынды су жүйесімен толық қамтамасыз етілді. 1-ші және 2-ші шағынаудандардағы көпқабатты үйлердің 4-5-ші қабаттарына толығымен су беріліп тұр. Ортақ, Орталық, Ыждыхат тұрғын үй массивтеріне таза су жүйесі жүргізіліп, халық сумен қамтамасыз етілді. 2012 жылдың соңында «Отырар» шағынауданындағы жаңадан салынған көшелер толық сумен қамтылған. Бұрын су құбырлары тек қана көше бойымен жүргізілген болса, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбыры көшедегі орталықтандырылған құбырынан әр үйдің есігінің алдына дейін тартылып берілген. Су өлшегіш құралдары құдықшаларға қойылған. Тұрғындар су құбырын аулаларына кіргізіп, су өлшегіш құралы мен су құбыры шүмегін жылы ұстап, таза суды пайдаланып отыр. Мекеме құрамындағы сарқынды су насос станциялары толығымен ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңа насос қондырғыларымен, желдеткіш қондырғыларымен толық қамтамасыз етілді.
2 топтамалы және 7 жеке тұрған су ұңғылары да ағымдағы жөндеуден өтіп, олардағы насос қондырғылары 37квт-тық насостар 15квт-тық насостарға, 45квт-тық насостар 32 және 22 квт-тық насостарға ауыстырылып, электр энергиясын үнемді пайдалану саясатын жүзеге асыруда. Барлық объектілерде электр энергиясын үнемдейтін 3 фазалық 3 тарифті диференциалды электр есептегіш құралдары қойылды.
2012 жылы 2305 мың куб таза су таратып, 77586 мың теңге, 1055 мың куб сарқынды су қабылдап, 66514 мың теңге табыс кіргізді. Мұның бәрі мекеме қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында, олар 14271 абонентке, оның ішінде 228 абоненті заңды тұлғаларға қызмет етті. Суды үнемді пайдалану мақсатында 14271 абоненттің 80%-ы су өлшегіш құралдары арқылы су алып отыр. 2012 жылдың сәуір айында таза су мен сарқынды суға жаңа тариф қорғалып, бекітілді.
Биыл тозығы әбден жеткен 22,5 км таза су құбырын, 3,0 км сарқынды су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Халықты сумен қамтамасыз ету жолында аянбай тер төгіп, ерен еңбек үлгісін көрсетіп жүрген қызметкерлер де жоқ емес. Бас инженер А. Бадыров, энергетик Т. Сағынбаев, бас маман Т. Анарбаев, инженер-химик О. Керінбекқызы, слесарьлар; С. Айымбетов және А. Абдужаппаровтардың жас мамандарға берер мол тәжірибесі барын атап өткім келеді. Жас та болса еңбекті оқумен ұштастыра білген жас мамандар: участке бастығы Б.Жалмырзаев, электрик Б.Ауғанбаев, компьютер операторы Д.Пошаева, тәулік бойына апаттарды қалпына келтіруде уақытпен санаспастан еңбек етіп жүрген слесарьлар: А. Қуатбеков, М. Башбенов, Б. Хасанов, Е. Юлдашев, Қ. Бекпенбетов, Ғ. Тойғараев, электрик Б. Усманов, тракторшылар: И. Төлбасиев, П. Оңдыбаевтың да еңбегі елеулі.
Сейілбек Дайрабай, «Түркістан-Су» МКК директоры