Төтенше жағдайдан зардап шеккендерге көмек беру реквизиті шықты

Ақша аударуда мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне мәжбүрлік жасалмайды
Ақша аударуда мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне мәжбүрлік жасалмайды
Ақша аударуда мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне мәжбүрлік жасалмайды

Облыстық Азаматтық Альянс қауымдастығы облыс тұрғындарына үндеу жариялады. Бұл Созақ пен Сарыағашта орын алған төтенше жағдайға байланысты ойластырылып отыр. Үндеу маңызы келесідей.

ҮНДЕУ

Құрметті қауым!

Қадірлі отандастар!

Ауа райы жылынуы мен жауған нөсерлі жаңбыр қырлы жерлердегі қарды ерітіп, сарқынды сулардың пайда болуына себеп болды.

Қырлы жоталардың сай-салаға жиналған топан су Сарыағаш ауданының 3 округіне қарасты елді мекендердегі үйлерді су басып, тұрғындарға қауіп төндірді.

Бір күннен соң осындай қиын-қыстау жағдай өңіріміздің Созақ ауданы тұрғындарының басына туды.

Секундына 30-35 метр жылдамдықпен тәулік бойы тоқтаусыз соққан боран ауданның таулы ауылдарында тұратын жерлестерімізді әбігерге салды.

Алапат дауыл тау асуларындағы жолдарды жауып, қуатты электр жүйелерінің бағаналарын құлатып, барлық байланыс жүйелерін істен шығарды.

Сарыағаш ауданында 30 үй мен 1 мектеп ғимаратына су кірді, 2 үй құлап, 7 үй мен бір мектеп ғимараты апатты жағдайда және 21 үй жөндеуді қажет етеді, 165 бас мал (158 қой, 7 ірі қара) шығын болды.

Ал Созақ ауданында 2000-нан астам тұрғын үйлер мен пәтерлер, 40-тан астам әлеуметтік нысан, 23 кәсіпкерлік ғимарат, 5 мешіт, 3 стадион және 8 жылыжай әртүрлі деңгейде зақымданды.

Бюджеттен қаржы бөлініп, апаттан кейінгі залалды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жерлестеріміздің басына туған қиын жағдай облыстың кез-келген азаматын бей-жай қалдырмайтынына, олардың қол ұшын беруден шет қалмайтынына біз сенімдіміз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп дана халқымыз айтып қана қоймай ел басына күн туған қай заманда да қабырғасы қайыспай қиындық пен ауыртпашылықты бірге көтеріп, жеңе білген. Жерлестерімізге баба жолын ардақтап, тағы да елдігін, бірлігін, азаматтықты танытатын кез келіп тұр, отандастар!

Қадірменді жерлестер!

Әрқашан қандай да болсын қиындыққа душар болған адамға көмек беру – азаматтық парыз деп есептеледі.

Сол себепті мүмкіндігімізше отандастарымызды желеп-жебеу мақсатында барлық облыс тұрғындарын табиғаттың дүлей апатынан зардап шеккендерге материалдық және моральдық көмек беруге шақырамыз.

Осы мақсатта «ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі және Облыстық кәсіподақтар кеңесі табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында төмендегідей есеп шотқа қайырымдылық қаржыларыңызды аударуларыңызды сұраймыз.

Оңтүстік Қазақстан облысында табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету есеп шотының реквизиттері:

«ОҚО Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі, Шымкент қаласы, Ғани Иляев көшесі, №25

РНН 582100252081

БИН 051040005814

ИИК KZ369260801135773001

ШФ АО «Казкоммерцбанк»

БИК KZKOKZKX

Кбе 18

КПН 119

 Общественный фонд «85 лет Созакскому району»

Адрес: ЮКО, Созакский район, с. Шолаккорган, ул Жибек жолы, б/н

инд: 161000РНН 581300213350

БИН 120840014518

ИИК KZ516010291000165278

БИК HSBKKZKX Кбе 18 АО Народный банк Казахстана

Директор фонда Ә. Мусаев

 

Корпоративный фонд «Ауылым- алтын бесигим» Сарыагашского района

БИН 030440022545

АО «БТА Банк»

БИК SWIFTБИКАВКZKZKX

Pасчетный счет (ИИК) KZ87319Z010000329248

КНП 119

Код 18

Уникальный код 55987

Қорға 150 миллионнан астам қаржы түсті

 Облыс әкімінің 17 қаңтардағы штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес Сарыағаш және Созақ аудандарында құрылған көмек қорларынан өзге облыстық қор табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында өз жұмысын бастады. Бүгіннің өзінде кәсіпкерлер облыстық қорға 40 млн. теңгеден астам қаржы құйды.

Бұдан өзге облыс әкімі бастаған облыс басшылары мен аудан, қала әкімдері және басшылық қызметтегі мемлекеттік қызметшілер бес күндік, қатардағы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекемелердің басшы қызметкерлері бір күндік жалақысын аударатын болды. Бұл қаржы шамамен 110 млн. теңгеден асады.

Бұдан өзге облыс әкімі көмек көрсету мақсатында құрылған қорға қатардағы қарапайым мұғалімдер мен медицина қызметкерлері ақша аудармасын деп тиісті басшыларға нақты тапсырма берді.