Теріскейдегі жағдай қиындап барады. Созақ ауданында тағы да боран болды. Салдарынан дүлей дауылдан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шыққан көліктер дідтеген жеріне жете алмай жатыр. Техникалар Одаман асуында тұрып қалған. Ал Созақ ауданының ішкі істер басқармасы мамандары Шолаққорған мен Шаян ауылдары арасында көліктердің жүрмеуін қадағалауға мәжбүр болды. Ал ұйытқи соққан желден жапа шеккен ауылдарда қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған.
Облыс басшысы теріскейде табиғат апатынан зардап шеккен сегіз бірдей ауылдың үшеуінде болды. Әсіресе, Қаратау етегінде орналасқан Таукенттіктер боранның салдарынан шатырсыз қалған естеріңізде болар. Атбасын осы қалашыққа бірінші бұрған Асқар Мырзахметов көмекке мұқтаж тұрғындармен кездесіп, көкейлеріндегі өзекті мәселелерін тыңдады.
Таукенттегі Жыныс ауылдық округінде 550 үйдің шатырын жөндеу жұмыстарына бір емес, бірнеше, яғни 10 мердігер компания бірден кірісіпті. Оларға облыс орталығынан қажетті құралдар да жеткізілген. Ал осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген аурухана мен мектепті боран жайқап кеткен. Аудан бойынша 42 әлеуметтік нысан жөндеуді күтіп отыр.
Аманғали Аймырзаев, Созақ ауданының әкімі: «Әр үйдің ахау актісін жасап, сметаларын жасап жатыр. Жобамен тұрғынүйлерге 560 млн. теңгедей қаржы қажет болып жатыр. Сметасын бітсе, қаржыландыру мәселесін бастаймыз».
Қаңтардың қарлы боранынан келген шығынның көлемі-800 млн. теңгеден асып жығылады. Аудан бойынша 1949 үйдің шатырын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып та кеткен. Алғашқы дайын болған құжаттардың есебінен 400 млн. теңге ел қоржысынан бөлініп жатыр дейді облыс басшысы.
Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Ешкімде көмексіз қалмайды. Бірақ барлығы бір-екі күнде бітетін тірлік емес. Сол үшін сабырлы болайық. Үкіметтің есеп-қисабының толық бітпегеніне қарамастан біз сұрап отырған ақшаның 400 млн. теңгесін алдын-алу берілуін келісіп отырмыз. Оған қоса, облыстық, аудандық бюджеттен де қаржы бөлінеді, тағы да қор бар. Ең бастысы сабыр керек».
Күні бойы теріскейдің тұрғындарымен кездесіп, жылы сөздермен көмек беріп қайтқан әкім, нақты іске кірісіпте кетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=z24Inrk8fIU[/youtube]