Халықаралық құшақтасу күнін Оңтүстік жатырқамай қабылдады

1041
Бүгін - халықаралық құшақтасу күні!

21-қаңтар — халықаралық құшақтасу күні! Атаулы дата АҚШ-та 1986 жылы  Ұлттық құшақтасу күні атауымен пайда болған екен. Уақыт өте келе әлем бойынша тойланып, кеңінен дами бастаған. Бұл мейрам аясында бейтаныс адаммен де құшақтасып, таныстықты арттыруға болады. Себебі мереке баршаны достық пен татулыққа, ынтымақтастыққа шақырады. Осылайша бұл «құшақтасу салты» Қазақстанға да келіп, жастар қауымы бір-бірін құшақтап, жасаған қателіктерін кешіріп жүр. Ғаламтордағы мәліметтерге сенсек, бір қызығы —  осы мерекенің авторы белгісіз. Неліктен 21-қаңтарды таңдағаны да беймәлім екені айтылған. Бастысы бұл күні жұртшылық қателіктерін мойындап бір-бірімен төс қағыстырып, достасып жатады. Немесе жаңа дос табуға тырысады. Ал осы орайда бұл мерекеге деген көпшіліктің көзқарасы қандай? Бізге қажет пе? Ендеше, өздерінен сұрап  көрелік.

Ханбибі Есенқарақызы, ақын: «Мен мұндайды мереке деп қабылдамаймын! Естіген де емеспін! Қазақтың қанына жат еліктеушілікті  тойлаудың бізге еш қажеті жоқ екенін шегелеп айтқым келеді! »

Нұрбек Байбосын, «Хабар» телеарнасының тілшісі: » Енді менің айтарым, жаңа біразда жаңалықтар

Нұрбек Байбосын құшақтасу, төс қағыстыру мейрамы 22-Наурыз мерекесімен бірге астасып тойлануы тиіс деп есептейді
Нұрбек Байбосын құшақтасу, төс қағыстыру мейрамы 22-Наурыз мерекесімен бірге астасып тойлануы тиіс деп есептейді

ақтарып отырып таң қалдым. Қазір не болса сол мереке болып кеткен сияқты ғой. Құшақтасу күні, біртүрлі қызық, әрі анайы естіледі екен. Оғаш әрі құлаққа. Ал бізде әз Наурыздың көрісу деген әдемі дәстүр бар ғой. Ағайын-туыс, дос жаран төс қағыстырып ескі жылда өткен өкпе-реніштері болса кешіріп бірін-бірі. Міне, сол қазақи бізге жарайды. Ал батыстан ауып келген мұндай мерекесымақтарға, түк маңызы жоқ күндерге еліктеуден еш пайда жоқ. Мен үшін бүгінгі қаңтардың 21-і жай күн болып қала береді. Ал дәл қазір оны Астанада тойлап, құшақтасып жатқандарды көрмедім. Ұзын сөздің қысқасы — керек емес бқұ мереке бізге!»

Серік Жорабеков, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бұл мерек біздің менталитетімізге жат! Мен солай ойлаймын. Сондықтан бұны тойлаудың еш қажеті жоқ! Әрине, долстарыңа құшақ жайғаның дұрыс -ақ. Бірақ бізде де айт сиқты түрл ғұрыптарымз бен мерекелеріміз бар емес пе? Сондықтан біреуге жалтақтап, еліктеу біздің қазақққа абырой әпермейді. Сайып келгенде мен бұл мерекені мойындамаймын да тойламаймын. Бәлкім американдықтар барын салып тойлайтын, атсалысатын шығар ! Алайда мен Алаштың баласымын! Сондықтан ұлтыма, еліме қарсы ешқандай әрекет жасай алмаймын. Қарап отырсақ мұның астарында да үлкен саяси тұңғиық дүние жатыр. Достарыма кеңесім, қоғамнан керегін ғана алайық!»

Жанат Тохтарбай көшеге шығып, бейтанысты құшаққа алу менталитетімізге жат дейді
Жанат Тохтарбай көшеге шығып, бейтанысты құшаққа алу менталитетімізге жат дейді

Жанат Тохтарбай, «Отырар» ТА-ның тілшісі: «Бұл мереке мен үшін үлкен маңызға ие емес. Шынымды айтсам, бүгін бірінші рет естіп отырмын. Алдын тіпті білмейтінмін де! Бірақ енді көштен қалмай көңілді болуы үшін мерекеге бірер сәтті бөлуге болады. Достарыңмен, туыстарыңмен құшақтасып, құттықтап дегендей… Бірақ көшеге шығып, бейтаныс адаммен құшақтасуды жөн санамаймын. Бұл біздің менталитетке ерсі ғой. Мәселен, бейтаныс қыз бен жігітің бір-бірін құшаққа алуы — мен үшін оғаш қылық! Сол себепті болар, бұл мереке біздің елге аса қажет деп ойламаймын! Біздің қазақта өзге де құшаққа алып құттықтар мерекелер жетіп-артылады. Таңсық көрінген мен жылтыраққа жабысуды қойсақ екен! Тәуелсіздік деген ұғым мен қасиетті, бағалы азаттығымызды бағалап, тек өзімізге, табиғатымызға тән мерекелердің өзін тойлап жарытып алайық! Әйтпесе бұл мерекелер тағы да басқа «беймерекелерге» жалғасатын түрі бар ғой… Сол себепті, сыртттан келген тойларды тойлағым келмейді. Өзге замандастарыма да осыны айтар едім мен! »

Міне, көпшілік бұл халықаралық мейрамды әрқалай қабылдайды. Сондықтан мейрамның шығу тарихы толығырақ анықталуы да қажет сияқты. Бәлкім сонда жұртшылықтың көзқарасы өзгеретін болар.