Заңсыз ағаш кесушілер ұсталды

Қазіргі таңда полицейлер қарағашты кесуге кімдердің барғанын анықтау үстінде
Қазіргі таңда полицейлер қарағашты кесуге кімдердің барғанын анықтау үстінде
Қазіргі таңда полицейлер қарағашты кесуге кімдердің барғанын анықтау үстінде

Түлкібаста заңсыз ағаш кесіп, ұрлаумен айналысқан бір топ азамат ұсталды. Әзірге, тал-дарақтарды кесуден табиғатқа келген зардап көлемі анықталып біткен жоқ. Алайда, келтірілген шығынның жүз мың теңгеге жуықтайтыны шамалануда.

Анығы сол, ағаштарды заңсыз кесушілердің бірнеше нүктесі болған. Соның бірі аудандағы Құлан ауылына жақын жерде орналасқан. Полицейлердің қырағы ісінің арқасында табиғатқа зиян келтірушілер құрықталды.

Қазіргі таңда полицейлер қарағашты кесуге кімдердің барғанын анықтау үстінде. Ал қолды болған қарағаштардан негізінен қымбат дүниелер жасалатыны белгілі.

Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, тал-дарақтарды заңсыз кесушілерді жергілікті шенеуніктер жалдаған көрінеді. Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ал қарағашсыз қалған Құлан ауылын енді бір кездері көз тамсандырған мекен болған деп айта алмайсыз.