Жәрдемақыны үйде отырып алуға болады

Жаңа жылдан бастап, мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлерін электронды қолтаңба арқылы халыққа қызмет көрсету орталығынан алу мүмкіндігі туып тұр

Жаңа жылдан бастап, мемлекеттік әлеуметтік көмек түрлерін электронды қолтаңба арқылы халыққа қызмет көрсету орталығынан алу мүмкіндігі туып тұр. Бұл жайлы ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары Сағира Ермекбайқызы Айтанаева хабардар етті.

Сағира АЙТАНАЕВА, ОҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары

– Қаңтардың 1-іне дейін республикалық бюджеттен төленетін 800 мыңнан аса әлеуметтік төлемдердің барлығы да біздің облыс бойынша төленіп бітті. Өздеріңізге белгілі биылдан бастап, зейнетақы, жәрдемақы түрлері 9%-ға көбейіп отыр. Тағы бір жаңалық, биылдан бастап төлемдерді ХҚКО-арқылы жүзеге асыра алады. Қазірдің өзінде үйінде отырып-ақ бала тууына байланысты жәрдемақыны алған азамат бар. Ол Түлкібас ауданының тұрғыны. Үйінде отырып, Веб-портал арқылы құжаттарын жолдаған. Мұндайда жәрдемақы тағайындауға  ары кеткенде екі күн кетеді. Бұл азаматтар үшін жасалынып отырған өте тиімді әрі қолайлы қамқорлық деп білемін.

Енді зейнетақыны, жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы сияқты мемлекеттік әлеуметтік көмектерді «райсобезге», «горсобезге» бармай-ақ, ХҚКО (ЦОН) арқылы тағайындатуыңызға болады. Ал бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақыны үйде отырып-ақ, ВЕБ-портал арқылы тағайындату мүмкін болып отыр. Егер облыс бойынша ХҚКО-тары 29 екенін ескерсек, бұл ауыл тұрғындарына тиімді болмақ.