Жекеменшік ЖОО-ның белсенді жастары қолдауға зәру

349
ОҚО ЖОО-ның жастар ісі комитеті төрағаларының жұмысы талқыланды

«Біз қолдау арқылы ғана көксегенімізді жүзеге асыра аламыз». Жоғарғы оқу орындары студенттерімен жұмыс жасайтын замандастарымыз жастар саясаты мәселелері басқарма басшылығы алдында осылай деді. Арнайы жиында жастар ісі комитеті төрағаларының жұмыстарын жетілдіру жолдары қарастырылды. Атқарған жұмыстары сараланып, жаңа жоспар талқыға салынды. Сонымен қоса оқу орындарының жастар ісіне деген жауапкершілігі мен қамқорлығы да жіті қаралды.

Айгерім Қалдарбекова жастар ісі комитетінің жұмысы жоғарғы оқу орнының басшылығымен тікелей байланысты деп отыр
Айгерім Қалдарбекова жастар ісі комитетінің жұмысы жоғарғы оқу орнының басшылығымен тікелей байланысты деп отыр

Айгерім Қалдарбекова, ОҚМПИ-дің жастар ісі комитетінің төрайымы: «Әрине, біздің жемісті жұмыс жасағанымыз – оқу орнымыз үшін де бедел ғой. Сондықтан, қоғамдық шараларға белсене араласуға тырысамыз. Сонымен қоса, орын алып жатқан кереғарлықтар мен діни сауатсыздыққа да бей -жай қарамай, арнайы мамандармен кездесу өткізіп, арнайы жиындар өткіземіз. Қалай болғанда да өз ісімді дұрыс атқаруға тырысамын. Ал осында айтылып жатқан өзге де замандастарымның пікіріне қосыламын. Егер расында да оқу орны тарапынан көмек болмаған жағдайда, біз әлсізбіз, анығырақ айтсақ бізге ешқандай мүмкіндік болмайды».

Болат Жанәбіл, ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы бастығының орынбасары: «Ия, дәл қазіргі уақытта жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басым бөлігінде арнайы штат бөлінген жастар комитеті үшін. Белсенді жұмыс жасап, абыройын арттыру үшін. Сондықтан бұл жастардың болашағына да өз үлесін қосатыны анық.  Бірақ бүгін біз әрбір жоғарғы оқу орындары жастар комитетінің жұмысын саралап, бағыт-бағдар үшін жинап отырмыз емес пе?! Осы орайда бір өкініштісі – көбіне жеке меншік оқуы орындары осы белсенді жастарына жағдай жасамайды. Тіпті арнайы кабинет те бермеген. Ал енді бірі тіпті бұл жауапты жұмысты университеттегі лабарантқа немесе тағы біреуіне жай арта салған. Сонда жастардың болашағы жоғарғы оқу орны басшылығын қызықтырмағаны ғой?! Салдарынан, жастар белсенділігі төмендеп, қоғамдағы орнын ұмыта бастайды. Міне, сол себепті де біз жастардан тиесілі жауапкершілікті талап ете алмаймыз отырмыз. Сондықтан оқу орындары бір сәтке болса да жастардың болашағына үңіліп, сол болашақ үшін жағдай жасаулары керек».

Ал Береке Дүйсебеков күн сайын белсенді жастармен кеңес өткізуді әдетке айналдырған. 6 жылдан бері

Бұл - Береке Дүйсебековтың белсенді жастармен өтетін кеңесі
Бұл — Береке Дүйсебековтың белсенді жастармен өтетін кеңесі

өңіріміздегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиетінде жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы қызметінде. Жастар саясатын жүзеге асыруда тер төгіп жүрген ол кезекті ауқымы кең шараға қызу дайындықты бастап та кеткен.

Нұрым Досболов, университет белсендісі: «Дәл қазір бізге Береке тапсырма берді. Енді бізге Елбасымыздың жолдауы бойынша халық қалаулылар келеді екен. Сондықтан біз дайындықты бастап жатырмыз. Енді бізге түсінікті болғанымен, үлкен арнайы басқосу залында өзара талқылап, белсенді замандастарымызбен ой бөлісетін боламыз. Сонымен біз қазір сонда жиналып, іс-шараны ойдағыдай өткізу жолындағы жоспарды түзетін боламыз».

Кез келген маңызды бастамаларды жүзеге асыруда жұмыс жасайтын жастар комитеті жемқорлықпен күресті басты назарға алады. Бүгінгі жиында Елбасының жаңа жолдауын талқылаған жастолқын , студенттермен ауқымды кеңес өткізуді жоспарлады. Ал 2012 жылы Оңтүстіктің ең үздік жастар ісі комитеті төрағасы атағын иемденген Береке Дүйсебеков жастармен жұмыс істеудің құпиясын ашты.

Береке Дүйсебеков, ОҚМУ-дің жастар ісі комитетінің төрағасы: «Жасыратын ештеңесі жоқ, ізденіс пен еңбекқорлық. Тек сонда ғана жүйелі жоспарды орындауға болады. Көбіне біз белсенді жастармен жиналып, кешқұрым ақылдасамыз. Кеңескен сәтте түрлі жобалар келеді ойымызға. Міне, осы арқылы жұмыс жасаймыз. Негізі біздің оқу орны студенттерге мол мүмкіндік пен кең жағдайды жасап отыр. Сондықтан жоспар жүзеге асып жатыр. Ал егер ешқандай көмек болмаса жастар жалыны сөнеді. Яғни жастар саясатына белсене араласуына бөгет жасайды. Ешқандай қолдау көрмеген жас белсенділігі төмендеп, қоғамнан шеткері қалып қоя береді».

Замандастарымыз осылай есептейді. Ең бастысы қолдау болған жағдайда ғана жастар саясаты жүзеге асады, жоғарғы оқу орнының абыройы артатын болады деген пікірде.