"Қазкоммерцбанк" АҚ
"Казкомның" жыры бітер емес
«Казкомның» жыры бітер емес

Екінші рет өткен сот отырысына «Казкоммерцбанктің» бұрынғы басшысы да, қарамағындағылар да келген жоқ. Банктің Шымкенттегі филиалының экс-директорын бостандыққа шығарған сот шешіміне Бас прокуратураның күмәні болып, аппеляциялық шағым жасаған болатын.

Олжабай Дузылбаев, облыстық прокуратураның  басқарма аға прокуроры: «Балық басынан шіриді. Қарамағындағы қызметкерлері қылмысқа барғанда, басшысы қарап отыр дегенге сену қиын. Жалған құжаттар толтырылып, еселенген несиелер берілген. Жүз мыңдар емес, миллиондар ұрланды. Пірімбаев құжаттардың бәрін қадағалауы тиіс болатын, тым болмаса қызметкерлерінің жұмысын тексеріп отыруға міндетті».

Бұл аты-шулы істі тексеру барысында талай жауапты тұлға құрықталды. Жалған құжаттармен миллиондап несие бергендер, яғни «Казкоммерцбанктің» ондаған қызметкері темір торға қамалған еді. Солардың арасынан кезінде бөлімшені басқарған Алмабек Пірімбаев қана даудан аман қалды. Прокурорлар бұрынғы банкирдің ізіне шам алып түскенімен, одан ештеңе шықпады.

 Шымкенттегі шулы істі бітті деуге ерте. Алмабек Пірімбаевтың бостандыққа шығуы прокурорлардың тынышын кетіргендей. Құзырлы орган қызметкерлері енді кассациялық сот алқасына шағымданбақ. Яғни, бұрынғы банк басшысын жазаға тартпай тоқтамайтын сияқты.