ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Шымкентке келді

284
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерғали Егемберді іс сапармен Шымкент қаласына келді

 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерғали Егемберді іс сапармен Шымкент қаласына келді
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерғали Егемберді іс сапармен Шымкент қаласына келді

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерғали Егемберді іс сапармен Шымкент қаласына келді. Алдымен қаладағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында орта және шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Вице-министр «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының жергілікті жерлерде орындалу барысын сұрады. 

Сайрамдағы кәсіпкерлерді қолдау орталығымен онлайн режимде жасалған байланыс барысында қойылған бірінші сұрақ та осыған қатысты болды. 

Бағдарламаның 4 бағыты бойынша жоспарлы жұмысты облыстағы жұмыспен қамту орталықтары жүргізіп жатқаны вице- министрге мәлім болар. Малды асылдандырумен айналысуды қолға алған ақсақал Болат Губайдуллин несие алудағы күрделіктерді жасырмады.

Болат Губайдуллин, кәсіпкер: «Кепілдікке зауыттарымызды алмайды 35 млн-ға үйіңді қой дейді ондай қаржы болса, несие алып нем бар?» вице-министр :  «осында «Даму» қорының жаңа басшысы отыр. Ол кісі сізге түсіндіреді». 

 

Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған игі бастмалардың бірі
Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған игі бастмалардың бірі

Түлкібастық кәсіпкер алма бағын отырғызуда қорлар мен еншілес компаниялардың табалдырығн тоздырып, әбден әбігерге түскенін айтады.

Нарымбетов, Түлкібас ауданындағы «Бижігіт» ЖШС төрағасы: «Сандалтып бітті, қасымда болған 16 азамат барлығын тастап кетті. Алайда, мен  2011 жылы 7 пайыздық мөлшерлемемен 5 млн теңге несие алдым. Оны да Масимовтың кезінде телеграмма жіберіп, қаржыландыруға қол жеткіздім. «Агроконцерндегілер» бір бума құжат жина деп әбден әбігерге салды. Қазір 15 гектар жерге алма көшеттерін отырғызып, суғару үшін «УАК Жол Картасы -2020″ бағдарламасы аясында  қаржы  сұрап жатырмын. Алла бұйырса алатын шығармын».

Нарымбетов сияқты кәсіпкерлер енді құжаттар рәсімдеуде қиналмайды. Өйткені облыс орталығында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұнда есеп-қисап, салықтық, статистикалық есепті жүргізу, ұлттық компаниялар өткізетін мемлекеттік сатып алу қызметтері бойынша кеңес беру қызметтері тегін. Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған игі бастмалардың бірі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Sz4_A4vgotg[/youtube]