мамандар азаматтарға кеңес беруде

Шымкентте халыққа құқықтық кеңес беру шарасы басталды. Бұл күндері атқарушы орган өкілдері халыққа қызмет көрсету орталығында халықпен кездесіп, тегін кеңес беріп жатыр. Алайда, алғашқы мүмкіндікті пайдаланып, жауап алуға асыққандар аз болды.

мамандар азаматтарға кеңес беруде
мамандар азаматтарға кеңес беруде

Шара жөнінен халық хабарсыз қалды ма, әлде азаматтар мәселелерін «төте» жолдармен шешуге дағдыланып кеткен бе әйтеуір маман кеңесіне жүгінген азаматтар қатары қалың болған жоқ. Біз аялдаған 1 сағаттың ішінде небәрі 3-4 азаматқа ғана қызмет көрсетілді. Алайда, мамандар шараның өтетінінен алдын-ала халықты құлақтандырдық деп отыр.

Әділет басқармасы бастығының орынбасары Берік Тыныбеков шараның өтетіні туралы қоғамдық орындарда, теледидар, газеттер арқылы хабарлағанын айтады.

Жалпы, қызметке зәрулердің сұрақтары жылжымайтын мүліктерді тіркеу, азаматтық актілерді және заңды тұлғаларды тіркеу, мирасқорлық құқықты орнату сияқты пробелмаларға қатысты болды. Құқықтық қызметке жүгінгендердің бірі – Ділбар Хайтметова. Ол сіңлісінің өтінішімен келгенін жеткізді. Базынасына қарағанда, күйеу баласы көп уақыттан бері алименттен бас тартып жүр екен. Жауапкершіліктен жалтарған әкеге көрілетін шаралар жөнін мамандар жан жақты баяндап берді.

Сондай-ақ сала мамандары азаматтар уақыт оздырып, табан тозыдырмауға мүмкіндік беретін электронды құжат айналымының жетістігін де әлі жіті пайдала алмай отырғанын алға тартты.

Заң қызметкерлері заңдық кеңестермен қамтитын осындай шараларды әжетке жарата білсек, қоғамда құқықбұзушылық пен қылмыстық әрекеттер азая түсер еді деген пікірде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ivt8VwwA68w[/youtube]