Қала әкімі Қайрат Молдасейітовтің бір жылда атқарған жұмысы

415
Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ. Шымкент қаласының әкімі
Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ. Шымкент қаласының әкімі
Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ-Шымкент қаласының әкімі

Қала әкімі Қайрат Молдасеитов Енбекші ауданы халқының алдында былтыр атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Әлеуметтік мәселелер басты назарда болды. Қаланың коммуналдық шаруашылық саласында өткен жылы 21 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп,6 көпқабатты тұрғын үй сейсмикалық күшейтуден өткізілді. Ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында былтыр 3 млрд-қа 14 шағынауданда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Электрмен қамтамасыз ету бағытында 8 шағынауданда электр желілері тартылды.

Қайрат Молдасеитов, Шымкент қаласының әкімі: «Халықты электр энергиясымен қамту бағытында былтыр  сегіз шағынауданда  1 млрд. 300 млн. теңгеге электр желісі тартылды. Нәтижесінде электржарығымен   қамту 80 пайыздан 90 пайызға өскен.  2 млрд қаржыға 10 шағынауданында   газ желісі жүргізілген. Жылу жүйесінің 9 шақырым магистралі және 18 шақырым орамішілік желілері күрделі жөндеуден өтті»

Былтырғы атқарылған жұмыстарда белсенділік танытқан облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспаналиева көше жолдарын жөндеуге қатысты өз пікірін білдірді.

Рәшкүл Оспаналиева, облыстық мәслихаттың депутаты, «Береке Корпорациясы» ЖШС-нің президенті :»Қайрат Молдасеитов былтыр  тағайындалған еді. Көп жұмыс  жасады. Көше жолдарының жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, шағынаудандарында көптеген  жолдар ағымдағы жөндеуден өткізілді. Жаңа бой көтерген көше жолдарына тас төселіп, тегістелді. Алайда  қаланың өзіндегі шағын  ескі көше жолдары  назардан тыс қалды. Биыл, алдағы жылдары  жөндеу тізіміне сол көшелер енгізілсе, Әкімнің жұмысына  қанағаттанарлық деген баға беретін едім».

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде  10 кәсіпорын жеке инвестициялар есебінен 4 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар 23 кәсіпорын өндірістерін ұлғайтты. Бизнестің жол картасы -2020″ бағдарламасының аясында  құны 48 млрд.  теңгені құрайтын 95 жоба қолдау тапты.

Спирит ЖШС-нің жетекшісі: «Біз индустриялдық аймақта  кәсіпорын аштық. Қазіргі таңда өндірісті кеңейтіп жатырмыз. Жаңа ашқан цехта  нан өнімдеріне арналған  арнайы қорапшалар  дайындайтын боламыз».

Қала бюджеті 53 млрд. 900 млн. теңгені құрады. Оның ішінде өзіндік кірістер  27,0 млрд жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 4 млрд.700 млн теңгеге артығымен орындалды.