Қару сатқан полицей сотталды

260
Учаскелік полицейдің өзі қару сатқан
Учаскелік полицейдің өзі қару сатқан
Учаскелік полицейдің өзі қару сатқан

Қару сатқан полицей сотталды. Түлкібас аудандық ІІБ-інің 23 жастағы инспекторы 2 жылға түрмеге тоғытылғаны белгілі болды. Фархад Мансуров есімді лейтенанттың қару сатқаны анықталған. Анау мынау емес, «Қару» операциясы барысында тұрғындар өз еркімен тапсырған шолақ мылтық және тапаншаларды саудалап жіберсе керек. Айта өтейік осыдан тура бір ай бұрын бұл инспекторды тек шартты түрде бас бостандығынан айырған болатын.

Түлкібас аудандық ІІБ-ның инспекторы жұрттан жинаған қаруын саудаламақ болған. Екі мылтықты 82 мың теңгеге сатып жатқан жерінде ұсталды. Бас пайдасын ойлаған полицейді осыдан тура бір ай бұрын аудандық сот тек шартты түрде бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ прокурорлар мұнымен келіспейді. Сөйтіп облыстық соттың апелляцилық алқасына шағым түсірген.

1990 жылы туған Фархад Мансұровтың ішкі істер саласында қызмет атқарғанына 2,5 жылдан енді асыпты. Ұлының тәртіп сақшысы болсын деген ата ана үміті де бүгін күл болды. Облыстық сотттың аппеляциялық алқасының шешімімен Мансұров 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Таубай Қыдырбаев, облыстық сотың судьясы: «ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабаның 2-ші бөлімімен Фархад Мансұровты ішкі істер қызметінен шектеу туралы, сондай-ақ, 58 бабымен ҚК-тің  бас бостандығынан айырылып, жалпы коллонияда жазасын өтетйтін болды. Жазаны өтеу мерзімі бүгінне басталып есептеледі.»

Сөйтіп екі мылтықты сатамын деген 23 жасар полицей сот залынан бірден қамауға алдынды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YNSIyReD8Co[/youtube]