Қазақтарды өзбекше оқытатындарды жазалау керек

Облыста шенеуніктердің 1%-ы ғана ағылшын тілін меңгерген. Облыста 534 195 оқушы бар. Оның 74%-ы қазақша, 14,4%-ы өзбекше, 10,8%-ы орысша оқиды.
Облыста шенеуніктердің 1%-ы ғана ағылшын тілін меңгерген. Облыста 534 195 оқушы бар. Оның 74%-ы қазақша,                   14,4%-ы өзбекше, 10,8%-ы орысша оқиды.
Облыста шенеуніктердің 1%-ы ғана ағылшын тілін меңгерген. Облыста 534 195 оқушы бар. Оның 74%-ы қазақша, 14,4%-ы өзбекше, 10,8%-ы орысша оқиды.

Білім саласындағы былықтың беті әрі қарай ашыла түскендей. ОҚО-да қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім мамандықты сырттай оқып алмауы қажет.   Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жалпы сырттай білім алғандардың жұмысқа орналасуына шектеу қоюды тапсырды.

Өйткені, аймақта тіл үйрететін мамандар жаппай сырттай оқып, жұмысқа орналасатын болып алған. Ал бұл өз кезегінде баланың сапалы білім алуына кедергі келтіріп отыр. Естеріңізде болса, бұл жайында газетімізде бұған дейін де мәселе көтеріп, айтқан болатынбыз.  Бұл проблема кешегі аптада облыс әкімі алдында есеп берген облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балқия Көмекбаеваның баяндамасында қайта көтерілді.

ЖОО-нын сырттай бітіріп, балаға тіл үйреткісі келетін мамандарды білім ошақтарына жолатпау керек. Тілдерді дамыту басқармасы басшысының бастамасы осыған саяды. Өйткені, олардың сапалы сабақ беретініне күмәнмен қарайды. Десек те соңғы кездері облыста осындай шала ұстаздар тым көбейіп кеткен. Бұл бастама облыс әкіміне де ұнады. Сол-ақ екен білім басқармасына шұғыл тапсырма берілді.

– Жолын тауып, мынадай масқаралыққа жол бермеңдер, – деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов. – Білім министрлігі тарапынан шешім шыққанға дейін мынаны біз шұғыл түрде тоқтатуымыз керек. Сырттай білім алғандарды мектепке жұмысқа қабылдауды шектеуге меніңше әбден-ақ мүмкіндік бар. Осыны жасаңыздар!

Отырар ауданында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің – 66%, Бәйдібекте – 62%, Кентауда – 48% жекеменшік оқу орынында  сырттай оқығандар. 

Айтпақшы, осылай деп тапсырма беріп жатқанда, Көмекбаева «Білімі жоқтарды жұмысқа алмауы керек. Мектеп директорлары даже обязоны этого делать» деп салды. Айтпақшы, «обязоны» деп орысша жауап қайырған тілдерді дамыту басқармасының басшысын Сайрамдағы сорақылық та қатты қинап жүргенін айта кеткіміз бар. Мұнда 120 қазақ бала өзбек мектептерінде білім алып жатыр (автор – бұл жайында да газетімізде жазылған-ды). Бұған жергілікті билік кінәлі, – дейді Көмекбаева. Өйткені өзбек мектебінен қазақ сыныбын ашуға әбден-ақ болады. Бірақ ашпайды. Ықылас жоқ. Аудан әкімінің орынбасары бар мәселе ата-аналардың кесірінен деді. «Олар ұл-қызын өзбекше оқытқысы келеді». Ал тіл басқармасының басшысы мұны сылтау деп есептейді. Тіл басқармасының өз ұстанымы бар.

– Тек қазақтар бармайды ғой, арнайы сынып ашсаңыз жаңағы 5-6 қазаққа қосылып өзбектерде барып оқиды ғой. Баласын қазақша оқытуға құмбыл болып отырған қанша өзбек отыр, – деп салды Балқия Көмекбаева.

Білгеніміздей, Сайрам ауданында 14 мыңнан аса өзбек ұлтының балалары қазақ сыныптарында білім алады екен. Бұл сынып ашуға негіз боларлықтай-ақ дәйек. Бірақ жергілікті әкімдіктегілер жаңағы 120 оқушының ата-анасы баласын «өз еркімізбен өзбек сыныбына бердік деп өтініш жазған» дейді шырылдап. Облыс әкімі де қарап қалмады. «Өздері жазды ма, жаздырдыңдар ма?» деп сұрақты төтесінен қойып қалды.

Әрине, нақты жауап бола қоймады. Жалпы алғанда Б.Көмекбаеваның есебіне облыс әкімі оң бағасын берді. Осының өзі-ақ білім саласында талай былықтың беті әлі ашылатындығын көрсеткендей.

Илхам БАЗАРТАЙҰЛЫ