Бүгін ұшақта мерт болған екі жерлесіміздің мәйіті жеткізілді. Әуежайға жиналған жұрттың қарасы қалың. Бірі баласынан, бірі бауырынан, енді бірі әріптесінен аяқ асты айрылып қалды. Бірін-бірі демеуге келгендер марқұмдарды ақтық сарпарға шығарып салды.
Таңғы сағат тоғыздан бастап Шымкент әуежайының маңына қарақұрым халық жиналды. Олар қаза тапқан экипаж мүшелерінің мәйіттерін әкеле жатқан қаралы рейсті күтіп тұр. Әуежай қызметкерлері марқұмдардың туыстарын сабырға шақырып әлек. Ұшақтың белгіленген уақытынан жарты сағаттай кешігуі қорқынышты үдетіп жіберсе керек.
Бұл жерлестеріміз Святослав Бабаян мен Дина Асфендиярованың табыты. Сапарға дін аман шығарып салып, табытпен күтіп алған ата-ана мен туған туыстың көз жасы көл. Азалы жұрттың қайғысымен ортақтасуға Облыс басшысы да келді. Көңіл айтты қайғырып және марқұмдардың отбасына жергілікті билік 2 млн. теңге бөлгенін жеткізді.
Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі:»Қайғыларыңызға ортақпыз. Тас түскен жерінде ауыр. Артында қалған сіздерге ұзақ жас берсін. Олардың орындалмағанын арманы мен жетпеген мақсатына сіздер жетіңіздер».
«Атам дегізсеңде, ботам дегізбе» деп тілеген ата-анасының қайғысын бөлісуге жиналған көпшілік оларды жылы сөзбен жұбатқан мен жүректе жара қалды.
Александр Халев, «SCAT» әуекомпаниясының атқарушы директоры:»Екеуі де жап-жас, алғыр, мақсаты айқын жандар еді. Біз әріптестері оларды ешқашан ұмытпаймыз. Біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Бұл қайғы бәрімізге ауыр тиді».
Қайғыны бөліссе жеңілдейді. Бұл күні әуежайға жиналғандардың саны 200 ден асып кетті. Ал марқұмдардың денесі бүгін жер қойнауына тапсырылады.
Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: «Осындай апаттар орын алған кезде ойлануымыз керек. Неге, әркім өзіне тиесілі қызметіне жауапты қарамайды? Жауапқа тартылатын біреу болу керек қой. Бұл менің ойым. Енді туымыз төмен түспесін, марқұмдардың отбасы аман болсын».
Биіктен көрінсем деген асқақ арман ажалмен күл-талқан болатынын кім білген. Өмірін ұшақпен байланыстырған Святослав пен Дина ұшып кетті. Арамыздан, мәңгіге!
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=frUYTs-joGc[/youtube]
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j2bhCfTqFl0[/youtube]