Шымкентте ашылған Назарбаев интеллектуалды мектебіне облыс бойынша ниет еткен талапкерлердің үштен бірі ғана сынақтан өтті
Шымкентте ашылған Назарбаев интеллектуалды мектебіне облыс бойынша ниет еткен талапкерлердің үштен бірі ғана сынақтан өтті
Назарбаев интеллектуалды мектебіне облыс бойынша ниет еткен талапкерлердің үштен бірі ғана сынақтан өткен

Шымкент қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылу салтанаты өтеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облысының әкімі Асқар Мырзахметов, жаңадан ашылатын мектептің директоры Қаракөз Әбдірахманова және химия-биология бағытында оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов және білім саласы басшылары қатысады деп күтілуде.

Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға түсу үшін 2013 жылдың 6-14 қаңтары аралығында арнайы байқау өткізілді. Байқауға қатысуға ниет білдірген 2226 оқушының 530-ы ғана «Өркен» білім беру грантына үміткер атанды.

Бүгінгі күні Қазақстанның 7 қаласында 8 Зияткерлік мектебі ашылған. Атап айтқанда, Астана (2 мектеп), Талдықорған, Кокшетау, Семей, Өскемен, Орал, Қарағанды қалаларында мектеп жұмысын бастап кетті. Болашақта Алматы, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Тараз және Ақтау қалаларында да Назарбаев Зияткерлік мектебін ашу жоспарланып отыр.