Айдың-күннің аманында Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылында граната жарылды. Әлдекім бір үйдің терезесіне жарылғыш зат лақтырып жіберген. Оқиға болған кезде үйде 9 адам шырт ұйқыда жатқан. Олардың сөзіне сенсек, жарылыс жасаған өздерінің ауылдастары. Зардап шеккен азаматтар оған қомақты көлемде қарыздар көрінеді.
Оқиға түнгі сағат 3-терде болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Бас араздық ақшалай берешекке байланысты туындаған. Өткен жылдың қазан айынан бері қожайынның қалта телефонына қоқан-лоққы түрінде жазылған хабарламалар келіп түседі. Закиржан оның бәрін сақтап қойыпты. Бұрын осында ауылдас болып, кейіннен Түркияға көшіп кеткен азамат әр күн сайын 8 мың АҚШ доллар қарызын қайтаруды талап етіп хабарлама жазатын көрінеді.
Үй иесі Закиржан Кураев көршісінің бұл алғашқы әрекет еместігін алға тартады. Алдын ол тіпті үйді өртемекке әрекеттін баққан. Оқиға орнына полицейлер мен қауіпсіздік күш құрылымдарының өкілдері келген. Қазір жарылғыш заттың нұсқасы мен оның тратил күші анықталу үстінде.
Ішкі істер департаменті қызметкерлері адам өміріне қасақана қауіп келтіру фактісі бойынша да қаралу мүмкіндігін айтып отыр.