Масқара жәйт жайлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстіктегі өкілдігі иісі мұсылман баласынан кешірім сұрайды. http://www.muftyat.kz/ сайты арқылы жасалған мәлімдемеде өкілдік мұны адам факторынан туындаған қателік деп отыр.
«Адамгершіліктен алшақ кетіп, асыл дініміздің абыройына, мұсылмандардың ар-намысына нұқсан келтірген көмекші молданы бұл әрекеті үшін қатаң айыптаймыз. Бұл қай жағынан алсаңыз да ақтап алуға келмейтін, шариғатқа да, заңға да қайшы шектен шығушылық әрекет» делінген аталмыш мәлімдемеде.
Сондай-ақ, «Адамның кемшілігін пайдаланып асыл дініміз Ислам жайында теріс пікір, жағымсыз сөз айтудың орынсыз екенін ескерткіміз келеді. Оқиғаны желеулетіп, имам-молдаларды жөн-жосықсыз сынау дұрыс емес. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігі болған іске үлкен өкініш білдіреді. Бұл жағдай баршамызды есеңгіретіп тастады. Жағымсыз оқиға үшін өңіріміздегі, республикамыздағы жамағаттан, жалпы жұртымыздан кешірім сұраймыз». делінген басқарма сайтында.
http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=7760 Осы сілтемеде мәлімдеменің толық нұсқасы жарияланған.