Күнмен жүретін көлік

998
көлік құрастырушы
көлік құрастырушы
көлік құрастырушы

ОҚО-да университет қызметкері күн энергиясымен жүретін көлік құрастырды. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ге қарасты арнайы мамандандыру орталы­ғының қызметкерлері күн энергиясымен жүретін көлік құрастырып шығарды. Машина төбесіне орнатылған арнайы құрылғы арқылы энергияны аккумуляторға жинайды.

Көліктің бас құрастырушысы Сатылмыш Чайыр бүгінде арнайы мамандандыру орталығында дәріс береді. Маман бұл дүниесін 1930 жылы шыққан маши­на­лардың суретіне қарап отырып құрастырғанын айтады. Мақсат — көне көлікті жаңа технологиямен жарақтандыру болған. Ал күн энергиясын қабылдайтын құрылғыны көлік құрастырушы Қытайдан, ал аккумуляторды Ита­­лиядан алдыртады. Сөйтіп жарамсыз болып қалған «Жигули» машинасының қаңқасын кесіп-пішіп, діттеген көлігін жасап шығарады.

Қазір ол бұл көлігін бояп, әр­­леп жатыр.Жалпы, сырт көзге көлік көнелеу көрінгенімен, ішкі құрылғылары су жаңа дейді маман. Қозғалтқышы да автоматтандырылған. Сатылмыш Чайыр «көлікті Түркістаннан Кен­­тауға дейін айдап келдім. Шығынсыз көлікке күн жарқырап тұрса жеткілікті. Генератормен және кез келген жердегі ток көзі арқылы қуат ала алады. Ал бұлтты күндері көлік акку­му­ляторға жиналған токтың күшімен жүз шақырымға дейін жүруге қауқарлы» дейді.

Жалпы, сонау түрік елінен келіп, бүгінде қазақ балаларын техниканың қыр-сырына баулып жүрген маманның бұл алғашқы туындысы емес.Ол осыған дейін жанармаймен жүретін жеңіл көлікті және күн энергиясынан қуат алатын мотоциклді құрастырып, іске қосқан. Оның бұл туындылары Астана қаласында өткен көрмеге қойылып, жүлделі болған. Алайда, екі көлік те паттенттелгенімен, әзірге оларға арнайы атау берілмеген.

Бүгінде көліктер оқу орнының мұ­ра­жайына қойылған. Шебер енді күннен энергия алатын аристон құрастырып шағармақ.