Көліктер көше жолдарын ластауда

459
"Нұрсәттегі" құрылыс жолдарды ластады
"Нұрсәттегі" құрылыс жолдарды ластады
«Нұрсәттегі» құрылыс жолдарды ластады

Шымкенттің тазалығына пысқырғаным бар. Қалада ірі нысандардың құрылысын мойнына алған компаниялардың әрекеті бұл. Олай дейтініміз олар жүк көліктерінің доңғалақтарын жууды қойды. Салдарынан даңғыл жолдар ластанып жатыр.

Ал әкімдік қызметкерлері болса біз бәрін тексеріп отырамыз дегеннен аспайды. Құрылыс жұмыстары қыз-қыз қайнауда. Нәтижесі міне, «Нұрсәт» шағынауданына кіре берістегі жолдар лайға малынған. Әсіресе, қазандықтың алдындағы шағын ғана жол ластанғаны соншалық асфальт көрінбейді.

Ерсейіт Бұхарбаев, қала әкімдігіне қарасты жол секторының бас маманы: «Құрылыс жүргізуге рұқсат алады. Біз оларды ескертеміз көлік доңғалдағын жуу туралы, көше жолдарын ластамасын деп бір айда бір рет тексереміз».

Жол секторы мен МАИ тексеруді жиілетісе, Астана даңғылы тап-таза болатын бе еді. Әзірге осындағы әкімшілік іскерлік орталығының құрылысынан шыққан көліктер жақында ғана пайдалануға берліген жолды ластауда. Бас мердігер «Мух Дан» компаниясының басшылығына қатысты шара көруге қала әкімдігі қауқарсыз сияқты.

Ерсейіт Бұхарбаев, жол секторының бас маманы: «Былтыр бірнеше компанияға хаттама түзіп, айыппұл төлеттік. Биыл зияткерлік мектепті салып жатқан «Ақ Ордасы Корпорациясына» хаттама түздік. Бірніші рет ескерттік, екінші рет айыппұл саламыз.»

Қаланың бас жоспарына сәйкес Шымкенттің аумағы кеңейеді. Құрылыс та қарқын алмақ. Бұл дегені көшелердің ластануы жалғаса бермек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=hgKSpXQVDiI[/youtube]