Көшеттен көл-көсір пайда тауып отыр

«Максимум» АИО-ның қолдауымен 2010 жылдан осы күнге дейін облыс бойынша сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын 216 жоба іске қосылыпты

Қазаққа қажет қарекет. Таяуда облыс әкімдігі мен «Максимум» АИО бірлесіп Сарыағаш ауданына арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Мақсат – тілшілерге өңірдегі кәсіпкерлердің орталықпен бірлескен жұмысының нәтижесін көрсету. Ұзақ мерзімге несие алған бизнес өкілдері де еңбегінің жемісін мақтанышпен көрсетті.

«Максимум» АИО-ның қолдауымен 2010 жылдан осы күнге дейін облыс бойынша сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын 216 жоба іске қосылыпты
«Максимум» АИО-ның қолдауымен 2010 жылдан осы күнге дейін облыс бойынша сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын 216 жоба іске қосылыпты

Журналистердің аудандағы алғаш болып табан тіреген жері Жемісті ауылындағы «Жер сыйы» тұқымбағы. Он жылдан бері көшет өсірумен айналысатын серіктестік «Максимуммен» тығыз байланыс орнатқан. Үлкен көлемде несие алған ұжым басшысы таяу- да сыйымдылығы 250 тоннадан асатын сақтау қоймасын салып алыпты. Төраға Танабай Шынтасов енді еңбегім одан әрі еселенетін болды деп мәз. «Менің барлық несиелік тарихым «Максимум» АИО-мен байланысты. Пайдам да, Құдайға шүкір жетеді. Жылдық орташа табысымыз 45-50 млн-ға жетеді. Яғни әр адамның өндіріп жатқан өнімі шамамен 10-15 мың АҚШ долларының шамасында», – дейді ағынан жарылып.

Сарыағашта көшет өсіретін жалғыз тұқымбақ негізінен 20 түрлі жемістен жылына 600 мыңдай көшет өсіреді. Оның 80%-ы жүзім тұқымдарына арналса, қалғаны алма, лимон, арша секілді жеміс түрлеріне арналған. Алма демекші, қазір мамандар мұнда аталған жемісті булау үстінде. Жабайы алма таяқшасын американдық сұрыппен будандастыру арқылы салмағы жарты келіге дейін жететін сары алма аламыз деп отыр. Мекемеден Жамбыл, Қызылорда облыстарының шаруа-лары да көшет сатып алады. Соңғы кездері Түркия, Өзбекстан сынды алыс-жақын шетелден де ұсыныстар түсіп жатқан көрінеді. 55 гектарды алып жатқан тұқымбақ толықтай тамшылатып суару әдісі бойынша жұмыс істейді. Демек, жемістің түр-түрін сарыағаштықтар осы жылы құмары қанғанша жейін деп тұр. Сарыағаш ауданының тұрғындары енді жұмыртқадан да тапшылық көрмейді. Оған осындағы «Сарыағаш Құс» мекемесі кепіл боламыз деп отыр. Дарбаза ауылындағы бұл серіктестік те «Максимум» АИО-ның шарапатын көрушілер. Орталықтан 7%-бен 40 млн теңге несие алған олар қарызды алдағы 5 жыл көлемінде қайтарып үлгермек. Қазіргі таңда мұнда құс торларын орналастырып, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сәуірде «Шымкентқұсқа» тапсырыс етілген 43 бас құс торларға алынып, жұмыс жүре бастайды. Ал құс фабрикасының жалпы қуаттылығы 150 мың құсқа арналған. Мекеме директоры Серік Талмановтың айтуынша, бір тауық бір айда бір доллар пайда әкеледі екен. Сондықтан кәсібімнен тиісті нәсіп көремін деген үміттемін, – дейді.

Жалпы, «Максимум» АИО-ның қолдауымен 2010 жылдан осы күнге дейін облыс бойынша сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын 216 жоба іске қосылыпты. Ал оны қайтару мәселесі 98% дұрыс жүруде, – дейді «Максимум» АИО-ның жобаларды іске асыру департаментінің директоры Дәурен Шыназыбаев. Қазіргі таңда болашағынан үміт күттірер тағы да 14 жобаға қаржы қарастырылу үстінде дейді ол.

Мақпал ЫБЫРАЙЫМ

 

Ал осы кезде…

Сарыағаштағы көшет шығарушы жалғыз тұқымбақ «Жер сыйы» серіктестігі 20 түрлі жемістен жылына 600 мыңдай көшет өсіреді. Мамандар қазір алманың жабайы түрі мен басқа тұқымын булау үстінде. Екі сұрыпты байланыстыру нәтижесінде салмағы жарты келіге жететіндей алма алуға болады екен.

Будандастырылған көшеттер жәшіктерде екі айдай тұрады. Дайын көшетті енді сатып алыңыз да, топыраққа отырғыза беріңіз. Көшеттердің 80%-ын жүзімге арнаған тұқымбақ ұжымы мұндай жетістікке «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының қолдауы нәтижесінде жетіп отыр.

Он жылдан бері көшет өсіру ісімен айналысатын мекемеден Жамбыл, Қызылорда облыстарының шаруалары да көшет сатып алады. Түркия, Өзбекстан сынды алыс-жақын шетелден де ұсыныс жетіп-артылатын көрінеді. 55 гектарды алып жатқан тұқымбақ толықтай тамшылатып суару әдісі бойынша жұмыс істейді.

 

Танабай Шынтасов
Танабай Шынтасов

Танабай Шынтасов, «Жер сыйы» ЖШС-нің төрағасы

– Менің барлық кредиттік тарихым «Максимум» АИО байланысты. Пайдам, мынау Франциядан әкелінген бұламалар арқылы 200 мыңға дейін көшет шығаруға болады. 200 мың көшетті есептей беріңіз. Біз жеміс алмаймыз. Көшет өндіреміз. Сондықтан біздің орташа табысымыз 45-50 млн-ға жетеді. Әр адамның өндіріп жатқан өнімі шамамен 10-15 мыңның шамасында болады.

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=56bNupN5S6M[/youtube]