Кедендік одақтың пайдасы

598
Кедендік одақтың пайдасын көрушілер саны күн санап артып келеді
Кедендік одақтың пайдасын көрушілер саны күн санап артып келеді
Кедендік одақтың пайдасын көрушілер саны күн санап артып келеді

Қазақстан, Ресей және Беларуссия арасында кедендік одақтың құрылғанына екі жылдан асты. Содан бері қандай тірліктер тындырылды?

Жетістіктерді жеткізген салықшылардың мәліметінше, осы уақыттың ішінде кедендік одаққа мүше елдермен сауда-саттық жасайтын қазақстандықтардың саны 9 есеге артыпты. Тиісінше, жиналған қосымша құн салығының көлемі де жоспардан артық. Яғни, белгіленген 6 млрд 44 млн теңге болса, оның орнына 6 млрд 132 млн теңге өндірілген.

Бұл — жоспар 101,5 %-ға артық орындалған. Жалпы, 2012 жылы 240 салық төлеушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды. Олардан Кедендік Одаққа мүше елдерден Қазақстанға әкелген өз тауарына қатысты салық құжаттарын дер кезінде рәсімдемегені үшін 88 млн. теңге айыппұл кесілген. Олардың арасында өткен жылы Беларуссиядан көлік әкеліп, басы дауға іліккендер де бар.

Қазіргі таңда қазақстандық салық саласының қызметкерлері ресейлік әріптестерімен тығыз жұмыс жасауда. Себебі, қосымша құн салығын төлейтіндер бірқатар түсініспеушіліктерге тап келіп жатыр. Олай болмас үшін салық қызметінің мамандары басқа елден тауар әкелгенде сондағы компанияларыдң бас кеңселерімен келісім-шарт жасасуға шақырады.