Шұбарсуда мектеп директоры өз өзіне қол жұмсаған
Шұбарсуда мектеп директоры өз өзіне қол жұмсаған
Шұбарсуда мектеп директоры өз өзіне қол жұмсаған

Шұбарсуда мектеп директоры асылып өлді. Балтабай Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектептің басшысы Намиялы Еспембетов таңертең өз үйінің ауласына жуынуға шығып кеткен күйі келмеген. Көп ұзамай туыстары сарайда оның асылып қалған денесін табады.

Шұбарсуда бұл суицидті ел сан саққа жүгіртіп жүр. Ауыл аймаққа абыройлы азаматтың өз-өзіне қол жұмсауға не себеп болғаны марқұмның жақындарына да жұмбақ. Тіпті мектеп директорының әйелі де жұбайының бұл жайының сырын сезбегенін айтады Еспенбетовті ауыл аймақ, мектеп ұжымы абыройлы, ақ жарқын азамат деп біледі. Білім саласына сіңірген талай жылғы еңбекті түрлі марапаттары айғақтайды. Ұлдары да әкесін риясыз еді деп еске алады. Тек соңғы кездері бір нәрсеге алаңдаулы жүретіндігін жасырмады олар. Бір қызығы қайғылы жағдай орын алардан екі күн бұрын марқұм үйінен қомақты қаражат алып кеткен екен.

Сәкен Раушанов, марқұмның ұлы: «Әкем осыдан екі күн бұрын үйден 600 мың теңгені алып кеткен. Не үшін алды? Қайда жаратты? Неге қажет болды? Бәрі де түсініксіз… Тек осыдан екі апта бұрын әкемнің туған әпкесі дүниеден өткен болатын. Содан бері еңсесі көтерілмей қойды. Жүрегім ауырып жүр дегені де бар…»

Өз өзіне қол жұмсамас бұрын Намиялы Еспенбетов зейнетақы қорындағы қаражатты да жаратып жібереді. 530 мың теңгенің не үшін қажет болғаны, қайда жұмсалғанынан ешкім білмейді. Ақша мен суицидтің сыры бір деп болжап отыр марқұмның достары.

Намиялы Еспенбетов мектеп жанына балабақша ашуға ұйытқы болған. Оқушыларды бір ауысымда білім алуына жағдай жасау үшін ол қайырымдылыққа жиналған қаражатқа қосымша ғимарат салмақшы болған. Бірақ бұл мақсаты аяқсыз қалды. Ұжымы мектеп директоры ешқашан өлім туралы ауызға алмағанын айтып, таңданысын жасырмады.

Намиялы Еспенбетов психология ғылымдарының докторы болған. Бір қызығы суицидтің алдын алу, еңсені түсірмеу тақырыбында тіпті шәкірттерге дәрісте оқыпты. Сөйтіп жүрген мектеп директоры енді өз-өзіне қол жұмсады. Ал оның өлімінің сырын әркім сан саққа сабылтып жүр. Бірақ шын себебін анықтауға ешкім асығар емес.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0pmWxDn_oCI[/youtube]