«Нұрсәт» шағынауданындағы үйлердің жертөлесі суға толды

298
Жауын жауса, "Нұрсәт" тұрғындары әбігерге түседі
Жауын жауса, "Нұрсәт" тұрғындары әбігерге түседі
Жауын жауса, «Нұрсәт» тұрғындары әбігерге түседі

«Нұрсәт» шағынауданында коммуналдық проблема ушығып барады. Мұндағы тұрғын үйлердің 60 пайызының жертөлелері суға толып қалып жатыр. Коммуналдық қызмет өкілдері ауданда мұндай проблеманың туындағанын растайды. Тіпті, бұл құрылыс барысындағы шикіліктің салдарынан орын алған олқылық деп мәлімдеді. Ал, жапа шегіп жатқан тұрғындар.

Түлкібастық Мамырбек Қоңырбаев «Нұрсәт» шағынауданындағы баласының үйінде жиі қонақта болады. Ақсақал жаңа үйдің проблемасына қанық. Жауын-шашын болса жер төлелері толып барлығымызды әлекке салады дейді ол.

Мамырбек Қоңырбаев, тұрғын: «Жауынды үреймен күтеміз. Жертөлелер суға толады. Үйдің іргетасына зақым келуде. Бұлай бола берсе, үй құлап түспейді ме?»

Толассыз жауын-шашында Толепбек Назарбеков көшесі бойындағы үйлердің жертөлелері суға толатынын коммуналдық сала қызметкерлері де біледі. Бұл күрделікті шешу мүмкін емес, тек сорғыштың көмегіне ғана жүгініп жатса керек.

Бекмырза Абсанов, «Орион» мекемесінің шебері: «2,3,10,28 үйдің жертөлесі суға толған.  Үйлерді салғанда құрылыс нормалары сақталмаған сыңайлы. Ирригациялық жүйелер, жауын суы ағатын кәріз жүйелері  де ескерілмеген сияқты. Жауын-шашында  сайдағы үйлердің жертөлесі суға толады».

Бұл да жобалаушылардың қателігі болып шықты. Өйткені, олар жерасты суларын ескермеген. Салдарынан Нұрсәттегі үйлердің 60 пайызының жертөлесі суға толатын болыпты. Менен кеткенше иесіне жеткенше деп жасаған дейді тұрғындар. Бертін келе ипотекалық баспананың былықтары шығып жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5OMzq1SAx9k[/youtube]