Жаңа ғасырдың жаңашыл ұстаздарын Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде дайындайды. Атаулы оқу орны «Кәсіби мамандарды даярлаудағы инновацилық жобалар» атты арнайы семинар өткізді. Болашақ мамандар шеберліктерін арттырып, өз жобаларын қорғауда.
Осыдан он жыл бұрын мектеп табалдырығында «Сапа менеджменті», «Мультимедиялық сабақ» деген терминдер қолданылады деп ешкім ойламады да. Ал бүгін ол қоғамның талабы. Сондықтан ұстаздардың біліктілігі мен жауапкершілігі артып, заман көшіне ілесуі шарт. Болашақ педагогтарға қойылған талапта ерек. Сондықтанда түрлі инновациялық жобаларын ұсынған педагогоикалық колледждің студенттері заманауи ұстаздың дайындығын бүгінен бастап пысықтауда. Солардың бірі 3-курс студенті Жансая Мұхамедсапақызы. Ол интерактивті тақтаның пайдалылығы туралы жобасын ұсыныпты.
Жансая Мұхамедсапақызы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледждің 3-курс студенті: «Бәсекеге қабілетті ұстаз болғым келеді. Ертең мен сабақ бергенде, оқушыларымның бар ынтасын өзіме аударту үшін, жаңа технологияларды сауатты қолдана білуім керек. Сол себепті де ізденіп, осы семинарға арнайы қатысып отырмын».
Білім жүйесінің жыл сайын жаңартылатын реформасы ұстаздан кәсіптілік пен біліктілікті талап етеді. Ал осындай байқаулар болашақ педагогтардың мамандығына деген сүйіспеншілігін арттырады. Бәсекелестікке үйретеді,-дейді ұстаздар қайымы.
Абиля Қоздыбаева, аға әдіскер: «Біріншіден шығармашылық ізденістің қандай деңгейде өзіне қандай табыс әкелетінін сездіреді.Оқушы осы жобаны тақырып қылып алғанда, сол жоба арқылы еліміздің өсуіне, өркендеуіне қандай өнертапқыштық әрекетін алатынын жас күнінен сезінеді »
Қорытынды бойынша, жоғары жетістікке жеткендер облыстық ғылыми-практикалық конференциясына жолдама алады
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qdhWnAKUJ4A[/youtube]