Өндірісте соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қолданылады

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында шұбат ашытылып жатыр. Бір литрлік ыдысқа құйылған қымырын экологиялық тұрғыдан таза әрі емдік қасиетін жоғалтпаған. Құрал-саймандардың барлығы жаңа. Қожалық төрағасы Оразалы Мұстафин осыдан он жыл бұрын қаладағы үйін сатып, ауылға көшіп келген. Бастапқыда оншақты інгенімен жұмысын бастаған шаруашылықта қазір 126 бас түйе бар. Оның қырқы сауылады. Мұнда қожалық иесінің отбасымен қатар ауыл жастары да жұмыс істейді.

Кәсіпорын қазір тәулігіне 500 литр шұбат шығарып жатыр. Сұранысқа қарай тәулігіне 2 тоннаға дейін қымыран құюға болады дейді мамандар. Болашақта өңірдегі түйе шаруашылықтарының сүтін осы кәсіпорынға өткізу де жоспарда бар.

Ауданда ірі өндіріс орны болмағандықтан, шағын және орта бизнеске көп көңіл бөлінеді. Қазір өңірде бес мыңнан астам кәсіпкер болса, соның 70 пайызы осы орта бизнес өкілдері. Жұмыспен қамтылғандардың саны 4000-нан асады.

Өндірісте соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қолданылады
Өндірісте соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қолданылады

Аудан әкімінің айтуынша, осы шағын кәсіпкерлердің салық түсімі нәтижесінде аудан бюджеті 1,7 есеге артыпты. Айта кету керек, шұбат шығаратын қожалықтың басшылары несие алып, өздері ашқан қожалықты өздері қамтамасыз етуде.

Осылайша өңірдегі жаңа нарықты игеріп, инновациялық жоба арқылы отандық өнім шығарып жатқан шағын кәсіпорындардың бірі атанып отыр.

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=gNOvY0W2f_4[/youtube]