Шымкент қаласында полиция қызметкерлері 750 котрафактілі дискілерін тәркіледі.
2013 жылы 26 ақпанда ОҚО ІІД-нің қызметкерлері «Контрафакт» атты жүргізілген профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында Шымкент қаласының Әл-Фараби көшесінде 1987-жылы туылған азамат контрафакталық дискілерді заңсыз сатып тұрған жерінде ұсталды. Полиция қызметкерлері аталған сатушыдан 450 контрафакталық дискілерді алған.
Еңбекші ауданында Шымкент қаласының тәртіп сақшылары, заңсыз дискі сатылатын екі сауда орынын анықтады. Сонымен қатар, қаладағы базарлардың бірінен полиция қызметкерлері Түлкібас ауданының 1994 жылы туылған азаматтың дүңгіршегінен 100 лицензиясы жоқ дискілерді тәркіледі. Көп уақыт өтпестен қаладағы «Военкомат» аялдамасында 23 жастағы орталық тұрғынынан 88 контрафакталық дискілер алынды. Сол күні Сарыағаш АІІБ-нің қызметкерлері орталық базарда заңсыз контрафакталық дискі сатушы 19 жастағы жас жігітті ұстады. Оны тексеру кезінде одан 110 дискі табылып тәркіленді.
Барлық алынған контрафакталық дискілердің саны 750 дана болған. Алынған дискілер сот-сараптамасына жіберілді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 184-1-бабы «Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.