Оқушы үшін ата-анасы жауап береді. Шымкентте қызының сабаққа қатыспағаны үшін оның анасына әкімшілік жаза кесілді.
11-мектептің 8-сынып оқушысының сабаққа қатыспағанына ұзақ уақыт өткен. Жалпы, мектепке келмей жүрген уақыты 245 оқу сағатын құраған. Осыған байланысты сот оқушының анасы кінәлі деп тауып, 5 айлық-есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 8655 теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 1-бөлімінің 11-бабы бойынша азаматша Н. айыппұл төлейтін болды.
Оған айыппұлды өз еркімен төлеуге 10 күн уақыт беріледі. Бұған қоса айыпталушы азаматша он күннің ішінде талап-арыз да бере алады» делінген Шымкент қалалық әкімшілік соттың хабарламасында.