Сарыағашты енді су алмайды

Бөгеттерді көтеру үшін 6 мердігер мекеме жұмылдырылған
Бөгеттерді көтеру үшін 6 мердігер мекеме жұмылдырылған
Бөгеттерді көтеру үшін 6 мердігер мекеме жұмылдырылған

Сарыағашты енді су алмайды. Жергілікті билік осындай уәде берді. Оған дәлел аудандағы 6 ауылдық округті қоршай ұзындығы 4 шақырымды құрайтын бөгеттердің салынуы. Қауіпті қашыртқылар мен арық, атыздар да тазаланған. Мұнан бөлек, жергілікті әкімдік қаңтар айында тасқыннан зардап шеккен барлық отбасыларға шығын қаржысын бердік деп отыр.

Бекжаппар атайдың отбасымен бірге қарындасының үйін паналағанына айдан асты. Отағасы бұрынғыдай емес, көңілі орнына түсе бастаған. Жарамсыз қалған мүлік пен мал шығыны үшін мемлекет қаржы өтеген соң. Осы қаржыға тілсіз жау жарамсыз еткен үйін енді аудан орталығынан салмақшы.

Бекжаппар БЕКМҰРАТОВ, Қарақалпақ ауылының тұрғыны: «Мемлекет маған 3 млн. 346 мың теңге берді ғой. Мал-пал, үй, мүлік, қора қопсысы болып. Өтейтін шығар енді. Өтемесе, бары сол ғой. Амал қанша енді. Оған да Құдайға шүкір деп отырмыз».

Қарақалпақ ауылында екі үй қираса, 5-уінің қабырғасы сөгілген. Мүлік пен мал шығынын өтедік деген жергілікті билік енді қора-жайлардың мәселесін шешпек.

Тұрсын ҚАЛЫҚҰЛОВ, Қарақалпақ ауылының биі: «Базарға барып, орта есеппен әр қойдың басына 15 мың теңгеден есептеп берді. Әр сиырдың басына 120 мыңнан ақша берді. Біздің ел де қарап отқан жоқпыз. Ағайыншылығымызды білдіріп, халықтан 150 мыңдай ақша жинадық. 40 шақты мал жинадық. Соның барлығын тиісті жанұяларға бөліп бердік».

Жылға ауылында да тасқыннан қорғану үшін ұзындығы бір шақырымды құрайтын бөгет салынып жатыр. Мамандар осының нәтижесінде, топан судан келер қауіптің алдын аламыз дейды. Сөздеріне сенсек, Сарығашты енді су алмайды.

Серік АСҚАНБЕКОВ, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы: «Жылғаға бұрын-соңды мұндай тасқын келмеген. Сондықтан салынбаған дамбаны қайтадан салып көтеріп жатыр. Енді бұл жерге келген судың көлемі секундына 15 кубқа дейн келсе, ал Жылға иелдімекеніне шағытын жерге дейін 50 куб метрге дейін келген. Қазір біз бұны аяқтап қойдық. Азғантай ғана бітпеген жұмыстар бар. Кеше 10 күні қабылданар кезде айттық техникалық нормаларға сәкестенуін. Содан кейін ғана қабылданады. Сондықтан Сарыағашты енді су алмайды деп айтуға толық негіз бар».

Бөгет көтеру жұмыстары аудандағы 6 ауылда жүріп жатыр. Ал оның сапасы да назарда дейді жауаптылар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FqWlMex41w0[/youtube]