Шетелдік өнімнен құтыламыз

"Ақ жол" партиясының мүшелері осындай мәселе көтеру арқылы биліктің назарын аударсақ дейді
"Ақ жол" партиясының мүшелері осындай мәселе көтеру арқылы биліктің назарын аударсақ дейді
«Ақ жол» партиясының мүшелері осындай мәселе көтеру арқылы биліктің назарын аударсақ дейді

Шетелде өндірілген ауылшаруашылық өнімдерінен қалай құтыламыз? Өз өнімдеріміз базарларда қашан арзан бағада сатылады. «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері бүгін осындай мәселе көтерді. Айтуларынша, өнімді өзімізде өндіріп, оны қол жетімді бағада сатуға бар жағдай бар. Бірақ, керісінше болып жатыр.

Өзіміздің өнімге өзіміздің қолымыз жетпейді. Қымбаттығына күйіп, шетелдің арзан жемісін сатып аламыз. «Ақжолдықтардың» бүгінгі жиында көкейін кернеген осы түйткіл болды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығындағы көп проблеманы көтерді олар.

Оразалы ОМАРОВ, «Ақ жол» ҚДП ОҚОФ Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы: «Асылтұқымды малмен жұмыс істеп жатқан мамандар бар ма өзі? Облыстағы ірі қараның 2-ақ пайызы асылтұқымды малға жатады екен. Ал дүкендердегі тауардардың көпшілігін Үндістандікі, Ирандікі, Ресей мен Белорустің заттары құрайды. Сұрақ туады. Неге біздің ауылшаруашылық өнімдері сонша жерден транспорт әкелінген шығынын есептесе де қымбат.  Неге біздің тауар өндірушілер бәсекеге төтеп бере алмай жатыр? Демек, шетелден әкеліп жатқан тауарлардың барлығы әрі арзан, әр сапалы болып жатқандықтан бәрі соны алады. Сондықтан осы жөнінен жұмыстар жеткілікті емесдеп ойлаймын».

Ауылшаруашылығындағы мұндай кемшіліктермен бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргенде абдырап қалысымыз анық. Партияның келесі бір мүшесі осылай деді. Өйткені, Қазақ елінде шаруаға жағдай жасалмаған. Түрлі бағдарламалар ойлап тауып, грант ұттырып беру мәселесін қолға алу керек деді олар.

Рустамбек ӘБДІРАСУЛОВ, «Ақ жол» ҚДП ОҚОФ мүшесі: «Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіреміз дейміз. Ол кезде ауыл шаруашылығындағы адамдардың жағдайы жаман болады деп ойлаймын. Менің ойымша, ол шақта өте қиын жағдайда қалуымыз мүмкін. 20 жылда жеткен жетістігімізден құлдырап, жағдайымыз кері кетуі мүмкін. Олай дейтінім, айналадағы елдерді қарайтын болсаңыз, барлығында ауылшаруашылығы ілгері дамып кеткен. Өзбекстанға, Түркияға, Қытайға баратын болсаңыз, ол жерге жіберіліп жатқан тауарлардың бағасы өте төмен. Бірақ тауар өндірушілік бізбен салыстырғанда қайда жоғары. Оның себебін мен мемлекеттің оларға дұрыс көзқараспен қарауында деп білемін».

Облыс әкімдігіне қарасты 1,5 мың мемлекеттік қызметкер болса, соны 1800 адам қадағалайды екен. Сонда ақжолдықтар көтеріп отырған ауылшаруашылық мәселелері неге әлі күнге нәтижесіз. Партия мүшелері саланың бұл былығына жауапты басқарманың ешқандай әсер ете алмайтынын да жақсі біледі. Сондықтан проблемаға өздерінің араласып, жоғарыға жеткізгісі келетінін айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ttEyvplra7Q[/youtube]