Қала әкімі Қ.Молдасеитов көшені жарықтандыруға қаржы бөлінгенін айтты
Облыстық прокуратурада үйлестіру кеңесі өтті
Облыстық прокуратурада үйлестіру кеңесі өтті

Шымкент- қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың ордасына айналып кетті. Оңтүстікте тіркелген 23 мыңға жуық қылмыстың 60 пайызы, шымшаһарда орын алады. Облыстық ішкі істер департаменті қажетті талдауға қол жеткізе алмағандықтан қолда барын тиімді пайдалана алмай отыр. Бұл туралы облыс прокуроры Ибрагим Имановтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде айтылды.

Шымкент қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың көшін бастап тұр. Оның негізгі себебін облыс прокурорының орынбасары саралап берді.

Әбіл Қожахметов, облыс прокурорының орынбасары: «Өткен жылы қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың басым бөлігі қараңғы көшелерде болған. Олар Қайтпас, Ынтымақ, Ақжайық секілді шағынаудандар мен  Қайнарбұлақ, Достық елді мекендерінде көптеп тіркелген. Бірқатар учаскелік пункттер қылмыстық жағдайды ескермей, қылмысы аз, не болмаса елді мекендердің шет жерлерінде орналастырылған».

Айтпақшы, қылмыстың алдын-аламыз деп қойылған 100 бақылау бейнекамерасының 75 пайызы түнгі уақытта жұмыс істемейтін болып шықты. Ал адамдар көп шоғырланатын Айна, Самал базарларында бір ғана камера орнатылған. Содан болар, өткен жылы ұялы телефон, қалта ұрлығы, тонау, бұзақылық қылмыстарының саны едеуәр өскен.

Қала әкімі Қ.Молдасеитов көшені жарықтандыруға қаржы бөлінгенін айтты
Қала әкімі Қ.Молдасеитов көшені жарықтандыруға қаржы бөлінгенін айтты

Ал үйлестіру кеңесіне арнайы шақырылған Шымкент қаласының әкімі Қайрат Молдасеитов, биылғы бюджеттен қаржы бөлініп, қаланың бірқатар аумақтары жарықтандырылады деп сендірді. Айтпақшы, ең сорақысы, өткен жылы есепке алынбаған, 1740 қылмыс қоғамдық орындарда жасалаған. Ал 2013 жылдың бір айында осындай 40 қылмыс анықталыпты. Неге қылмысты жасырып, бұрмалайсыздар деген облыс прокурорының сұрағы жауапсыз қалды.

Кеңес барысында ІІД-нің әрбір қызметкеріне «I pad» ұстауға кеңес берілді. Сән үшін емес әрине, заман көшіне ілесіп, қылмыстық картаны дер кезінде толтырып, қоғамдық орындардағы оқиғаларды қадағалап отыруға, ең бастысы алдын-алуға шақырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fAynSF2T528[/youtube]