Жыр-толғаумен сусындап өскен өркендер. Шымкентте мектеп оқушылары мен саз мектептерінде білім алатын домбырашылар арасында терме айтудан қалалық сайыс өтті. Қалалық балалар және жасөспірімдер орталығына жиналған 28 қатысушы алдымен іріктеуден өтіп, 18 үміткер ақтық сынға жолдама алған болатын.
Ақтық сайыста өнерін көрсеткен Елнұр Ерменбеков №44 мектепте білім алады. Әнші, композитор Алтынбек Қоразбаевтың термелерін сүйіп орындайды. Ал басты орындардан үміткер Гүлшат Кенжебекова төрт жылдан бері №1 балалар саз мектебінде домбырашылар сыныбында сабақ алады. «қазақ осы» термесін орындау арқылы термешілер сайысында алғаш рет бағын сынауда.
Қаламыздың барлық мектептерінне келген терме орындаушылар көбіне Сүгір мен Майлықожанның, Қарқаман Сарин мен А. Асылбековтың, Шымболат Ділдәбековтың термелері мен хадистерді орындады. Қатысушыларға да қойылған талап жоғары дейді қазылар алқасы.
«Біз термешілердің домбыраны игеруі мен сөздерді дұрыстап мәнерлеп жеткізуін, оны дұрыс нақышына келтіріп орындауы мен шеберлігіне басты назар аударамыз. Оған қоса тәрбиенің тал бесігі ретінде қатысушылардың міндетті түрде ұлттық киімде болуын тапсырғабыз»,- дейді қазылар алқасының бірі, қалалық балалар мен жас Мемлекеттік тілді дамытуға жауапты маман Сәрсенкүл Айтова.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде ән-домбыра үйірмесіің мүшесі Нұрлан Есенбекке бұйырса, бірінші орын №83 мектептің оқушысы Мұсабек Қазыбекке бұйырды. Екінші орыннан №1 баллар саз мектебінің шәкірті көрінсе, үшінші орынға №47 мектептің оқушысы тұрақтады.
Бірнеше жыл бұрын облыстық дәрежеде өтіп жүрген термешілер жарысы қалалық деңгейге түсіп қалған болатын. Енді алдағы уақытта ұйымдастырушылар осы олқылықтың орнын толтырып, алдағы уақытта облыстық деңгейде өткізуге кіріспек. Сондықтан 12- 16 жас аралығындағы термешілердің әлі талай биіктерден көрінуге мүмкіндік бар.